7-кесте
Оңтүстiк Қазақстан экономикалық ауданының халқы
№
Облыстың
аты
Халық
саны
Қала
халқы
Ауыл
халқы
Ерлер
саны
Әйел дер
саны
1
Оңтүстiк
Қазақстан
2025, 4
740,3
1285,1
993,7
1018,3
2
Алматы
1561,8
448,3
1113, 5
769,3
796,6
3
Жамбыл
985, 7
448,9
536,8
469
516,4
4 Қызылорда
605,5
365,4
240,1
301,1
302,3
6-тапсырма. Салт-дәстүр аялдамасы.
1. Жер-су жайында мақал-мәтелдер айтылды.
2. Оңтүстiктегi көне қалалар атауының шығу тарихына тоқ талды.
Сабақтың соңында оқушылар бiлiмi бағаланып, үйге тапсыр-
ма берiлдi.
Халық педагогикасын сабақта тиiмдi пайдалану жолда ры
артып, отандарына деген сүйiспеншiлiк сезiмдерi де жоға ры-
лады.
9-сыныпта «Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық геогра-
фиясы» пәнiнен «
Ауыл шаруашылығы
» тақырыбын қорытын-
дылау мақсатында сайыс сабағын өткiзу.
Көрнекiлiгi: статистикалық материалдар, Қазақстанның
эконо ми калық картасы, төрт-түлiктiң суретi, өсiмдiктердiң кеппе-
шөптерi, т.б.
Жалпы сайыс бағдарламасы:
1. Бiлiмдiлер сайысы.
2. Мақал-мәтелдер сайысы.
3. Кескiн картамен жұмыс.
4. Суреттер арқылы жұмыс жасау.
5. Сергiту сәтi.
Оқушыларды шапшаңдыққа тәрбиелеу барысында «Бiлiм дi-
лер сайысы» өткiзiлдi.
1. Қазақстанның мал шаруашылығының басты саласы.
2. Бұғы шаруашылығы дамыған аудан.
3. Түйе шаруашылығы дамыған аудан.
4. Қазақстанда өсiрiлетiн сиырдың қол тұқымдары.
5. Дәндi-дақылдар.
94
6. Жамбыл, Алматы, Павлодар облыстарында өсiрiлетiн тех-
ни ка лық дақылдар.
7. Қазақстанның солтүстiк-батысында өсiрiлетiн дақыл.
8. Қазақстандағы тың игеру басталған жыл.
2-сайыс. Мақал-мәтелдер жарысы. Әр оқушы төрт-түлiк,
өсiм дiк жайлы мақал-мәтелдер айта отырып, мағынасына үңiлдi.
Са нына шек қойылмады. Мысалы, «Күрiш арасында күрмек те су
iшер». «Бәйшешек гүл – жердiң көркi, бiлiмдi ұл-қыз елдiң көркi».
Мақалдар арқылы адамдар бойындағы қасиеттер айтылды.
3-сайыста оқушылардың iскерлiгi мен дағдысын арттыру
мақсатында «Кескiн картамен жұмыс» жасалды.
1-топ. Кескiн картаға қой, ешкi шаруашылығы дамыған ау-
дандарды түсiрдi, қойдың қол тұқымдарын атады.
2-топ. Кескiн картаға жылқы, түйе шаруашылығы дамыған ау-
дандарды түсiрiп, қол тұқымдарын атады.
4-сайыс. «Суреттер жарысы»
1-топқа – дәндi дақылдар суретi (бидай күздiк, жаздық, арпа,
тары, сұлы, жүгерi, күрiш, қарақұмық).
2-топқа – техникалық дақылдардың суретi (мақта, қыша, қы-
зыл ша, күнбағыс, темекi, зығыр).
Әр топтан бiр-бiр оқушыдан шығып, осы суреттердi алды-
мен кеспелердiң арасынан терiп алды, содан кейiн өсiрiлетiн
облыс тарға апарып iлдi. Оқушылардың дәндi және техникалық
дақыл дар жайындағы бiлiмдерiн тексерiп, облыстардың ауыл-
шаруашылығына шолу жасаттық.
«Сергіту сәтінде» мұғалiм өсiмдiктер мен жан-жануарлар дың
тiршiлiк әрекеттерi жайлы қызықты материалдар келтiрдi.
Сабақтың танымдық сәтiнде мұғалiм Қазақстандағы малдың
қол тұқымдары мен өсiмдiктердiң iрiктемелерiн жасаған ғалым-
дардың еңбектерiне тоқталады.
Қазақстандағы мал тұқымдары.
Қой тұқымдары:
1. Қазақтың арқар-мериносы. Академик М.Ф. Ивановтың
ұсын ған әдiсi бойынша биязы жүндi қойды таудың тағы арқары-
мен шағылыстыру арқылы алынған. Дүниежүзiндегi бiр ғана қой
тұқымы. Авторлары: Н.С. Бутарин, А.И. Есенжолов, Е.В. Боль-
шакова, Ж. И. Жандеркин.
95
2. Қазақтың биязы жүндi қойы – авторы В.А. Бальмонт.
3. Дегерес қойы – авторлары В.А. Бальмонт, Т.Б. Бөкенбаев
және т.б.
4. Едiлбай қойы – халықтық селекциялық жолмен алынған.
Құйрықты қойлардың ең құнды тұқымы.
5. Қаракөл қойы – көп ғасыр бұрын Орта Азияда, Бұхар же-
рiнде шығарылған, қазiргi таңда қара, көк, сұр, қызғылт, қызыл-
қоңыр, шатури түстi түрлерi бар.
Iрi қара мал тұқымдары:
1. Қазақтың ақбас сиыры. Қол тұқым қазақтың жергiлiктi сиы-
рын қалмақ бұқасымен будандастырып, одан алынған ұрпақты
герефорт тұқымымен шағылыстыру арқылы алған.
2. Алатау тұқымы. Қазақтың жергiлiктi сиырын швецкий бұ-
қа сымен будандастыру арқылы алған. Сонымен бiрге қырдың қы-
зыл сиыры, симменталь iрi қара және әулие-ата тұқымдары бар.
Жылқы тұқымдары: Қостанай жылқысы, Көшiм жылқысы
және Мұғалжар жылқы тұқымдары бар.
Қазақстандағы өсiмдiк iрiктемелерi.
Қазiр Қазақстанда 200-ден астам ауылшаруашылық өсiмдiк-
терiнiң iрiктемелерi мен будандары аудандастырылған. Елiмiз
астықты аудан болғандықтан – бидайдың жаңа iрiктемелерiн шыға-
ратын ғылыми-зерттеу институттары бар. Мысалы: А.И. Бараев
атындағы Қазақтың астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу инс ти-
туты (Ақмола облысы, Шортанды) қазақтың В.Р. Вильмс атын-
дағы егiншiлiк ғылыми-зерттеу институты (Алматы облысы,
Алмалық). Академик Р.А. Оразалиев өзiнiң шәкiрттерiмен
соңғы 20 жылдың iшiнде 30-дан астам бидайдың iрiктемелерiн
шығарып, будандастырды. Қазақстан ғалымдары Богарная-56,
Алмалы, Красноводопатская-210, Алматинская полукарликовая,
Прогресс, Жетiсу, Қарлығаш, Шортандинская-25, Целинная-25,
Казахстанская-10, Арай, Ақмола, т.б. сорттарын шығарды.
Сабақ соңында мұғалiм iрiктемешi-ғалымдардың Қазақстан
ғылымының дамуына қосқан ерен еңбектерiн айтып, олардың өз
Отанының патриоттары екендiгiне тоқталды.
Сөйтiп, Қазақстанның физикалық және әлеуметтiк-экономи-
калық географиясы пәндерi бойынша тақырыптарды конферен-
ция, баспасөз-конференция, лекция, саяхат, сайыс, т.б. сабақтары
етiп өткiзiлген жолдары қарастырылды. Карта, кескiн карта,
кесте, дидактикалық материалдармен жұмыс жасау арқылы
оқушылар халық педагогикасының дәстүрлерi – өлең-жырлар,
мақал-мәтелдер, жұмбақтар, нақыл сөз, т.б. теориялық бiлiммен
ұштастырып, сұрақтарға жауап бердi. Нәтижесiнде оқушылар
Қазақстанның географиялық орны, зерттелу тарихы, пайдалы
қазбалары, территориялық табиғат аудандары, iшкi сулары, эко-
логиялық проблемалары, Оңтүстiк Қазақстан экономикалық
ауданы, т.б. көптеген ұғымдарды қалыптастырды. Тақырыптар-
ды халық педагогикасының дәстүрлерiмен байланыстыра оты-
рып, пәнге деген қызығушылықтары артып, Отандарына деген
сүйiспен шiлiк сезiмдерi қалыптасты.
Қорыта айтқанда, біз география пәндерін оқытуда оқушы-
лар дың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда тек қана «Қазақ-
стан ның физикалық және әлеуметтік-экономикалық география-
сы» пәндерінің кейбір сабақтарын ғана мысалға алдық. Өзін дік
жұмыстарды география пәнінің басқа курстарында да ұйым-
дастыруға болады. Ол тек ізденімпаздық пен еңбекті қажет етеді.
Біздің Қазақстанның географиясын алу себебіміз, біріншіден,
оқушылардың өз жеріміздің, еліміздің географиясы туралы
білімдерін тереңдету, екіншіден, оқушылардың Қазақстан тура-
лы білімдері біршама бар, ол өз кезегінде өзіндік жұмыстарды
жүргізуге септігін тигізеді, үшіншіден, олардың ізденуіне, өз
бетінше жұмыс жасауына қолайлы.
|