О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


«Қазақстанның физикалық және экономикалық



Pdf көрінісі
бет29/69
Дата08.09.2023
өлшемі4,9 Mb.
#106678
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69
Байланысты:
dokumen.pub 9786010400351

5.4. «Қазақстанның физикалық және экономикалық 
географиясы» пәндерін оқытуда өзіндік жұмыстарды 
ұйымдастыру формалары 
«Қазақстанның физикалық географиясы» пәні бойынша 
жүргізілетін өзіндік жұмыстар
Ғылыми педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді оқып, 
талдау нәтижесі өздік жұмыстардың бірнеше түрі мен жүргізу 
әдістері бар екендігін және оларды жалпыға орта білім беретін 
мектептерде оқытылатын Қазақстан географиясы бойынша 
жүргізуге болатындығын байқатты. Біздің зерттеуімізде өздік 
жұмыстардың Қазақстан географиясының әртүрлі тақырыбы 
бойынша анықталған түрлері мен ұйымдастырылу жолда-
ры қарастырылды. Қазақстан физикалық географиясынан 10 
тақырып, Қазақстан экономикалық және әлеуметтік географиясы-
нан 10 тақырып қамтылды. Бұл параграфта Қазақстан физикалық 
географиясынан жүргізілген өздік жұмыстар қарастырылды. 
Бірінші тақырып. «Қазақстанның географиялық орны мен 
шекарасы» бойынша оқулықтағы сандық көрсеткішпен жұмыс 
жасату ұйымдастырылды. 
Ол үшін жоғарыда аталған сынып оқушыларына оқулықтың 
5-бетінде көрсетілген сандық көрсеткіштерді пайдалана отырып, 
дөңгелек диаграмма сызу тапсырылды. 
Оқулықты Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 15000 
шаршы шақырымнан астам, оның 12000 шаршы шақырымға 
жуығы құрлықпен, ал 3000 шаршы шақырымнан астамы Каспий 
және Арал теңіздері жағалауымен өтеді деп берілген. Енді осы 
көрсеткіш бойынша диаграмма сызу үшін оқушылар, алдымен, 
пропорция құрып пайызға айналдырып алады. 
15000 км -100%
12000 км – Х
Х=
12000*100
=80%
15000
Шекараның 80% -ы құрлықпен шектеседі
Шекараның 20%-ы сумен шектеседі. 
Сөйтіп, осы есептің дөңгелек диаграммасын төмендегідей 
етіп сызады. 


70
1-тапсырма. Қазақстан шекарасының диаграмма түрінде 
берілуі. 
– құрлықпен 
– сумен
Сонымен бірге Қазақстанның жер көлеміне байланысты 
келесі есеп шығаруға болады. 
Егер туристер сағатына 3,5 км жылдамдықпен 8 сағат жүрсе, 
күніне олар 28 км жол жүреді, туристер жаяу солтүстіктен 
оңтүстікке дейінгі 2000 км, батыстан шығысқа дейінгі 3000 
қашықтықты қанша күн жүреді? Бұны сынып оқушылары 
төмендегідей етіп шығарады: бір күнде 28 км жол жүрсе,
А/ 3000 : 28 км = 107 күн. 
2/ 2000 : 28 км = 71 күн. 
Туристер жаяу солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ара қашық-
тықты 71 күн жүрсе, ал батыстан шығысқа дейінгі аралықты 107 
күн жүреді. 
Бұл есепті оқушылар шығара отырып, бір жағынан, картамен 
жұмыс істеуді үйренсе, екінші жағынан, өз республикамыздың 
ұлан-ғайыр екендігі естерінде жақсы қалады. 
Сағаттық белдеулер картасы бойынша мынадай тапсырма 
бері леді: Ақтөбеде сағат 10-нан 10 минут кеткенде Алматыда, 
Ресей дің Новосібір қаласында сағат неше болатындығын анықта. 
2-тапсырма. Сағаттық белдеулер картасы. 
Оқушылар картаны талдай отырып, берілген үш қала бірінен-
бірі 1 сағаттық айырым жасайтындығын анықтайды. 
Ақтөбеде 10 сағат 10 минут + 1 сағат = 11 сағат 10 минут
Алматыда 2 сағат 10 минут + 1 сағат = 12 сағат 10 минут
Новосібірде 12 сағат 10 минут + 1 сағат = 13 сағат 10 минут. 
Сонымен қатар оқушылар осы карта бойынша келесі сұрақ-
тарға жауап дайындайды:
Бірінші сағаттық белдеу қайсы градус меридиан аралығын 
қамтиды?


71
Қазақстанда, Эстонияда неше сағаттық белдеу бар?
Сағаттық белдеу географиялық меридиандарға сәйкес келе 
ме? Сәйкес келмесе не себепті?
Тәулік нешінші сағаттық белдеуден басталады?
Тәуліктік күнді ауыстыру сызығы дегеніміз не? Олар қандай 
аралдар аралығынан өтеді?
Осылайша, сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар сағат
-
тық белдеулер картасымен жұмыс жасап, естерінде қалатындай 
тиянақты да толық мағлұмат алады. 
«Қазақстанды физикалық-географиялық тұрғыда зерттеу 
және Қазақстан табиғатының кеңес дәуірінде физикалық тұр-
ғыда зерттелуі» тақырыптарын оқушыларға үйде өз бетімен ре-
ферат жаздырып, бірнеше балаға жауап бергіздіру арқылы се-
минар сабағы етіп өткізген жөн. Ол үшін алдын ала Қазақстан 
жерін зерттеушілер П.П. Семенов, Н.А. Северцов, Н.В. Мушке-
тов, Ш. Уәлиханов, Л.С. Берг, Қ.И. Сәтпаев, т.б. ғалымдар тура-
лы 3 қатарда отыратын оқушыларға бөліп беріп, оларға қажетті 
әдебиеттер тізімі беріледі. Мысалы:
1. Ә.С. Бейсенова «Қазақстан табиғатын зерттеу және физика-
лық география идеяларының дамуы». – Алматы, 1990. 
2. Ә.Б. Бірмағамбетов. «Туған өлкені зерттеушілер». – Алма-
ты, 1986. 
Сөйтіп, семинар сабағында әр оқушы өздері дайындаған ре-
фе раттары мен сызған картасызбалары арқылы ауызша айтып 
береді. Бір баланың айтпай кеткенін, екінші бала айтып толық-
тырады. Соңында көп бала бағаланады. Жоғарыда аталған кітап-
тағы деректерді оқушылар төмендегідей етіп қосуларына болады. 
П.П. Семенов Тянь-Шаньский ХІХ ғасырдың 50-жылдардың 
басында-ақ Тянь-Шаньды зерттеуді алдын ала мақсат етіп қойған. 
П.П. Семенов Тянь-Шаньский Қазақстан территориясын 
1856-1857 жылдары зерттеді. Ғалымның Солтүстік және Орта -
лық Тянь-Шань ның құрылымы мен геологиясына жүргізген ба-
қылаулары өте құнды. Ол Тянь-Шань құрылымының тұңғыш 
сызбасын жасады, 23 тау асуын зерттеді. Алатау шоқыларын 
Жоң ғар және Іле Алатауы деп бөлді. Іле Алатауы туралы жазба-
ла рын П.П. Семенов оның өсімдік өсетін аймақтарын қарас ты-
рып баяндаумен аяқтайды. Шу өзені басын Ыстықкөлден алмай-


72
тынын анықтады. Ол Семей мен Жетісу өлкелеріндегі қазақ 
дала ла рына да бақылау жүргізген. 
Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың (1835-1865 жж.) есімі 
Қазақстан тарихында құрметті орын алады. Шоқан Уәлихановты 
білімге баулыған Омбыдағы Сібір кадет корпусы сол кездегі 
ең таңдаулы оқу орындарының бірі болған. Бұнда оқуға түскен 
Шоқан орыс тілін білмеген, зеректігі арқасында кейін өте тез 
үйреніп алған. 
1855 жылы Уәлиханов генерал Гасфорттың Орталық Қазақ-
станды, Жетісуды, Тарбағатайды аралаған сапарына қатысады. 
Өзін ержүрек саяхатшы ретінде даңққа бөлеген Қашқар сапарына 
Шоқан 1858-1859 жылдары шықты. Бұл мейлінше қауіпті сапар 
еді. Себебі Қашқария әлі ол кезде еуропалық елдер үшін жабық 
болатын. Қаныпезер қаталдығымен әйгілі болған Қашқарияны 
билеп-төстеуші Қожа Уәлихан төре еуропалықтарға сенімсіздік 
білдіріп, ол жерге аттағанды аяусыз өлтіріп отырды. Мысалы, 
географ Шлангинвайттың Уәлихан төренің әмірімен басы кесіл-
ді. Осындай жағдайға қанық П.П. Семенов Тянь-Шаньский мен
Е.П. Ковалевский экспедицияны ұйымдастырған кезде өлкетану 
ту ралы ғылыми дерек жинау өте қауіпті болғандықтан, оны сау да 
керуені деп лақап таратты. Шоқан офицерлік киімін тастап, қыр-
ғыз киімін киіп, Әлімбай деген атпен сапар шегуге тиіс болған. 
Ш.Ш. Уәлиханов Қашқарияда 1859 жылы жарты жылға жуық 
болады. Сөйтіп, Ш. Уәлиханов Жоңғар Алатауы, Іле өңірін, 
Жетісу, Тянь-Шань табиғатын ғылыми түрде зерттеп, картаға 
түсірген. Іле Алатауы жануарларының биіктікте таралу сызбасын 
алғаш зерттеген де Уәлиханов болды. 
Лев Семенов Бергтің (1876-1950 жж.) зерттеу жұмыстары ХХ 
ғасырдың 50-жылдарына дейін жалғасқан. Л.С. Берг қатысқан 
экспедиция Солтүстік Қазақстанның ірі 3 көлі – Қызылқақ, Сілеті-
теңіз, Текенің және осы өңірдің табиғат жағдайын, Іле өзені мен 
Балқаш көлін толық зерттейді, картаға түсіреді. Бұларға қосым-
ша Ыстықкөл ірі су алаптары деңгейінің соңғы жылдары үздіксіз 
көтерілуін анықтау арқылы Орта Азия мен Қазақстанның клима-
ты бір беткей құрғап бара жатыр деген теорияны түпкілікті түрде 
теріске шығарды. 
Сонымен бірге Сырдария мен Торғай үстіртін дербес ай-


73
мақтар ретінде білді. Ғалым «Совет Одағының географиялық 
зоналары» және «СССР табиғаты» атты еңбектерінде еліміздің 
табиғатын зоналар бойынша сипаттайды. 
Н.А. Северцов (1827-1885 жж.) өзінің ғылыми өмірін Орта 
Азия мен Қазақстанды зерттеуге бағыштайды. Ол 1857-1858 жыл-
дары Сырдарияның төменгі ағысына жүргізген зерттеуінің нәти-
жесінде Орынбордан Қазанға дейінгі және Арал теңізінің оңтүс-
тік-шығысын бойлай жүретін жолды түсірген үш географиялық 
карта жасайды. 
1860-1862 жылдары Орал бассейніне жүргізген зерттеуі 
бойын ша «Орал суларындағы қызыл балықтың тіршілік жағ-
дайы», «Орал төңірегіндегі өлкенің аңдары» атты кітабы олар дың 
жан-жақты зерттелгенін көрсетеді. 
1864 жылы Сырдария мен Шу аралығына зерттеу жүргізген. 
1865-1868 жылдар аралығында Амударияның төменгі ағы-
сына, 1877-1878 жылдары Памирге, 1879 жылы Жетісуға зертте-
улер жүргізген.
И.В. Мушкетов (1850-1902 жж.) – сейсмологияның негізін 
қа лаушы, геоморфология ғылымын құрушылардың бірі.
И.В. Мушкетов 1874 жылы алғашқы жұмысын Қаратау таула-
рын және Тянь-Шаньның солтүстік шеті мен Жоңғар Алата уына 
үлкен саяхат жасады. Ол Әулиеата қаласының маңын, Александр 
жотасын, Сусамыр өзенінің алабын, Боам шатқалын, Ыстық-
көлді тексерді, Ілені, Күнгей, Теріскей Алатауын бірнеше рет 
қиып өтті. 
1878-1880 жылдары Түркістанға сапар шегіп, Ферғана ал-
қаптары мен жоталарын, Жетісуды, Алтай тауының батыс бөлігін 
зерттеуді аяқтады. Зеравшан өзенінің жоғарғы ағысындағы мұз-
дықтарды тексерді. И.В. Мушкетов, Г.Р. Романовскиймен бірле-
сіп Түркістан өлкесінің тұңғыш геологиялық картасын жасап, 
1884 жылы бастырып шығарды. 
1887 жылы ол соңғы рет Верныйда болған жер сілкінудің 
іздерін зерттеумен айналысты. 
И.В. Мушкетов – Тянь-Шань тауларының жүйесін, оның мұз 
басуын, тау етектеріндегі жазық жерлер мен жоталары ның ара лы-
ғындағы аңғарлар мен ойыстардың, саздақ бал шықты өңір лерінің 
пайда болуын, олардың шекараларын зерттеп, анықтаған ғалым. 


74
Бұл тақырыптың семинар сабағы болып өтілуі оқушылардың 
өздеріне бөлінген тақырыпшаларды кітапханадағы әдебиеттер-
ден тауып, керекті жерін реферат етіп жазып, оны сабақта ауыз-
ша айтып беруі арқылы өз беттерімен көп жұмыс жасауларына 
мүмкіндік тудырады. 
3-тапсырма. Ш.Ш. Уәлихановтың зерттеген жерлері. Оқушы-
лар Ш. Уәлихановтың қай жерлерді зерттегенін осы карта бойын-
ша айтып береді. 
3. «Қазақстанның жер бедері және пайдалы қазбалары» 
тақырыбын пысықтау үшін жүргізілген қорытындылау-қайталау 
сабағында республикамыздың ойпаты мен жазықтарын, қыраты 
мен үстірттерін, аласа және биік таулы өлкелерін өздеріне 
анықтатып жаздырту мақсатында сандық көрсеткішпен жұмыс 
жасатылады. 
4-тапсырма. Қазақстанның жер бедері. 
Нәтижесінде оқушылар бұл сандардың Каспий маңы ойпаты, 
Тұран ойпаты, Батыс Сібір жазығы, Қаратау жотасы, Сарыарқа, 
Іле Алатауы, Торғай үстірті, Мұғалжар тауы, Жоңғар Алатауы, 
Тарбағатай, Алтай, Маңғыстау таулары, Жалпы Сырт үстірті 
екендігін шешті. 
Биік таулы өлкелерді мұғалім түсіндіріп болысымен тақы рып-
ты пысықтап, бекіту мақсатында оқушыларға келесі сөзжұмбақ 
құрастырылады. 
5-тапсырма. Сөзжұмбақ «Таулар»
Оқушылар Қазақстан атласына, оқулықтағы картаға қарап 
Тянь-Шань, Қаратау, Сауыр, Іле Алатауы, Алтай, Тарбағатай тау-
ларын қамтитын етіп құрастырады. 
Аласа таулы өлкелер туралы Сарыарқа, Маңғыстау, Мұғалжар 
тауларына сипаттама беріп, түсіндірген соң, оқушыларға гипсо-
метрлік қима сыздырып үйрету мақсатымен Сарыарқа жерінің 


75
қимасын сызу беріледі. Ол – Қазақстан атласының 10-бетіндегі 
Қазақстанның физикалық картасынан 49 с. е. бойынша алынған 
1 см-лік АВ кесіндісі. Бұл 66 бб. пен 76 бб. аралығын қамтыды. 
6-тапсырма. Сарыарқа жерінің қимасы
Масштаб: тігінен 1 см = 200 м
Көлденеңінен 1 см = 100 км. 
Сыныпта сызып басталған қиманы оқушылар үйде аяқтап 
келеді. 
Келесі сабақта мынадай сұрақ қойылады:
Қима сызығы жер бедерінің қандай формаларын кесіп өтеді?
Қандай таулар бар?
Ең биік нүктесі қайсы? деген сұрақтарға «аласа таулы, 
үстіртті жерлерін, Ұлытау тауы /1133 м/, Ақсоран /1565 м/» деп 
жауап береді. 
Бұл арқылы оқушы әрі картаның шартты белгісімен, әрі мас-
штабты қолдана отырып қима сызуға үйренеді. 
«Қазақстанның пайдалы қазбалары» түсіндірілмес бұрын 
мұғалім Ж. Жабаевтың «Кеңестік Қазақстан» атты өлеңінен 
келесі үзіндіні оқып беру арқылы оқушылардың өздік жұмысын 
ұйымдастырады. 
«… Қорғасынды көрдің бе, 
Аққан Қаратаудағы,
Алтын шыға Алтайдан 
Жарқырап күндей жайнайды. 
Қарсақбайдан мыс ағып 
Бұлақтайын саулады. 
Мақта көктеп Шымкенттен 
Ақтөбенің егіні,
Өрге өрлеген өнімі. 
Ембі – мұнай жерінен
Мұнай атып парлады…».
Бұл өлеңді оқып тұрғанда бір оқушыны шығарып, ол аталған 
пайдалы қазбаларды тақтаға жазып тұрады. 
Содан соң оны орнына отырғызып, барлық оқушы картадан 
Қазақстанда кездесетін пайдалы қазбаның қайсысы аталмағанын 
тауып жазып алады. 


76
Олар Соколов-Сарыбай темір кен орны 1948 жылы ашылғанын 
және Аят, Лисаков кені, марганецтің ең ірі кен орны Орталық 
Қазақстандағы Атасу және Жездіні, хромит кен орындары Мұғал-
жар тауында кездесетінін, алюминийдің негізгі шикізаты боксит 
Сарыарқаның солтүстік-шығысында және Торғай ойысында, 
Қарағанды мен Екібастұздың көмірін, Алтайда, Қалба жота сында 
кездесетін алтын кенін, Қаратаудағы ең ірі фосфорит кенін, т.б. 
атап шыққан соң мұғалім бұлардың кейінгі кезде табылғанын ай-
тып, жаңа сабақ толық түсіндіріліп, қорытынды жасалады. 
Бұдан кейін сөзбен жазылатын пайдалы қазбалардың орнына 
шартты белгілер ретінде сызып көрсетілген тапсырма үйде жасап 
келуге беріледі. Мысалы, жанатын пайдалы қазбалардың ішінде 
мұнай беруден Қазақстан 3-орында. Мол қоры Атырау, Ақтөбе, 
Маңғыстауда шоғырланған. Ал Қарағанды, Павлодарда көмір 
өндіріледі. Қазақстанда көмірдің жалпы қоры 160 млрд тонна. 
Рудалы пайдалы қазбалардың ішінде мыс қоры жөнінен ТМД 
елдерінің ішінде 3-орын алады, т.б. Соңында олар мұнай, газ, 
көмір, темір деп нүктелер қойылған жерін толтырып қандай пай-
далы қазбалар қайда кездесетінін тағы естеріне түсіреді. 
4. «Қазақстанның климаты» тақырыбы бойынша Қазақстан 
территориясына түсетін жауын-шашынның ең көп, ең аз және 
орташа түсетін жерлерін оқушыларға оқулық, карта арқылы 
анықтатып алып, келесі өздік жұмыста бағаналы диаграмма сыз-
дырту мақсат етіп қойылады. Олар жауын-шашынның ең көп 
түсетін жері – Батыс Алтай 1600 мм, ең аз түсетін жері – Мыңарал 
150 мм, орташа түсетін жерлері – Марқакөл 900 мм, Көкшетау – 
400 мм сияқты көрсеткіштерді алдымен тауып, дәптерлеріне жа-
зады. Сонан соң келесі диаграмманы сызады. 
7-тапсырма. Республика аумағындағы жауын-шашын мөлшері. 
Бұл диаграмма арқылы, әсіресе жауын-шашынның республи-
камыз бойынша ең көп және ең аз түсетін жері естерінде қалады 
және бағаналы диаграмма сызып үйренеді. 
Сонымен бірге осы тақырыпқа сай келесі сабақта төменде 
көрсетілген кесте бойынша Семей және Шемонайха (Шығыс 
Қазақстан облысы) жеріне түсетін орташа жылдық жауын-
шашынның мөлшерін шығартып (жылдың 12 айындағы түскен 
жауын-шашынды қосып, 12-ге бөлу арқылы, график сыздырты-


77
лады). Оқушылар нәтижесінде өздері түсірген графикке, картаға 
қарай отырып салыстырмалы сипаттама жазады. 
8-тапсырма. Семей мен Шемонайха жеріне түсетін жылдық 
жауын-шашынның графигі. 
Қала аты 
А Й Л А Р
жауын-
шашын 
мм
Қ А Н С М М Ш Т Қ Қ Қ
Семей 
18
13
17 14 24 35 35 24
20
34
30 21
23,7
Шемонайха
13
16 15
30
64 39 59 37 35 42 38 24
34,3
Диаграмма мен графиктің біріктіріле берілуін Қазалы мен Ба-
туми қалаларының жылдық жауын-шашын мөлшерімен жылдық 
температурасына талдау жасату арқылы түсінік беріледі. 
9-тапсырма. Қазалы мен Батуми жерлеріне түсетін жылдық 
жауын-шашын мен температураның диаграммасы мен графигі. 
Ал келесі үйге тапсырма ретінде осы тақырып бойынша 
ылғалдану коэффициентін анықтау есебі беріледі. 
Мысалы: Ақмола қаласына түсетін жауын-шашын 411 мм, ал 
буланушылық – 632 мм-ге тең болса, ылғалдану коэффициенті 
қандай болғаны?
Ж
ж-ш жылдық мөлшері
Шешуі: К = 
Б
буланушылық:
411 мм
К =
= 0,65
632 мм
К – ылғалдану коэффициенті; К – 0,65.
Бұл көрсеткіш лезде болғандықтан аймақтың ылғалдануы 
мардымсыз, құрғақ екендігін оқушылар бірден айтады. 
Сөйтіп, ылғалдану коэффициентін анықтату оқушыларға, бір 
жағынан, табиғат зоналары бойынша түсетін жауын-шашынның 
заңдылығын ұғынуға мүмкіндік тудырса, екінші жағынан, сандық 
көрсеткішпен жұмыс жасауға дағдылануға көмектеседі. 
5. «Қазақстанның ішкі сулары мен су ресурстары» тақырыбы 


78
бойынша өзендерді өтетін соңғы сабақты таңғажайыптар алаңы 
түрінде өткізу жоспараланады. Бұл сабақтың шарты алдын ала 
түсіндірілгендіктен сабақ бірден басталып кетеді. Демек, ойын 
«жүрісті қайтала», «тақырыпты айтып жібер», «әріпті айтып 
жібер» деп жазылған секторлары бар тақтайшадағы бағытты 
айналдырудан басталады. Оқушы айналдырған бағыт осының 
біреуіне тоқтағанда, мұғалім не бір әріпті, не тақырыпты айтып 
отырады, ал бағыт бос секторға тоқтағанда оқушы өзі шешеді. 
Бірінші топтың бір оқушысы дұрыс таппаса, екінші топқа, ол 
дұрыс таппаса үшінші топқа ауысады. Әр табылған әріп 1 балмен, 
бірден дұрыс табылған өзеннің аты 5 балмен белгіленеді. Осы-
лайша, мұғалім әр топтың ұпайларын қоса отырып, қорытынды 
жасайды, көп баланы жақсы бағамен бағалайды. 
10-тапсырма. «Таңғажайыптар алаңы» ойыны. 
Оқулықта өзендер «Солтүстік мұзды мұхит алабы», «Каспий 
теңізі алабы», «Арал теңізі алабы», «Балқаш-Алакөл алабы» бо-
йынша қамтылған. Осы алаптардың әрқайсысынан таңғажайып-
тар алаңы сабағында екі-екі өзеннен Ертіс, Үлбі, Жайық, Шаған, 
Сырдария, Іле, Талғар, Қаскелең өзендері жасырылды. Қағазға 
жазылған сөздердің үсті бүктелген, әр әріптің тұсынан қиылған 
қағазбен жабылып тұрады. Бұл сабақ балалардың асығып, жанта-
ласа тырысуымен және қызығуымен өтеді. 
Ойын бірінші топтың 15 ұпай, үшінші топтың 12 ұпай, екінші 
топтың 5 ұпай алуымен аяқталды. Сабақ нәтижесі оқушылардың 
республика өзендерін есте сақтаумен қатар, олардың геогра-
фияны ұнатқанын байқатты. Өзендерге байланысты пысықтау 
сұрақтары беріледі. Қазақстан жерінде басталып, аяқталатын 
өзендер қайсы? (Жем, Нұра, Қаратал Сарысу). Қазақстан жерінен 
ағып өтетін өзендер қайсы? (Ертіс, Тобыл). 
Қазақстан территориясына келіп құятын өзен қайсы? (Есіл). 
7,8,9,10 – Қазақстаннан басталатын өзендерді атаңыз. (Жайық, 
Сырдария, Іле, Шу). 
11-тапсырма. Сөзтізбек «Өзендер». 
Бұл сөзтізбек шешу арқылы оқушылар, бір жағынан, қай өзен-
дердің келіп құятыны, қай өзендер басталатыны сияқты мағлұ-
матын нақтылай түссе, екінші жағынан, картамен жұмыс жасау 
арқылы өзендер атын тағы қайталап біледі. 


79
6. «Қазақстанның табиғат зоналары» тақырыбы КТК саба-
ғы түрінде өтіледі. Ол үшін оқушылар алдын ала екі топқа бө-
лініп, Қазақстандағы табиғат зонасы төртеу болғандықтан әр-
қай сысынан төрт топырақтанушы, төрт биолог, төрт зоолог, төрт 
климатолог сайланады. Сөйтіп, мәселен, әр топтың бір топы рақ-
та нушысы орманды дала зонасының топырағын, екіншісі дала 
зо насының топырағын толық сипаттап реферат жазады. Сол 
сияқ ты өсімдік, жануарлар дүниесін, климатын жазады. Оқу лық-
қа қосымша келесі әдебиеттер ұсынылады:
1. Бірмағамбетов Ә.Б., Ролник Г.Я. Қазақстан географиясы-
ның хрестоматиясы: мұғалімдерге арналған көмекші құрал. – Ал-
маты, 1962. 
2. Устименко П.Д., Рутковский О.О. Менің Қазақстаным. Қа-
зақ стан географиясы бойынша оқуға арналған кітап. – Алматы, 
1970. 
3. Ғаббасов А. Қазақстанның шөл жерлері мен олардың таби-
ғат жағдайы мен байлығы. – Алматы, 1950. 
4. Есназарова Ұ. Қазақстанның физикалық және экономика-
лық географиясын оқыту. – Алматы, 1994. 
Рефераттары алдын ала тексеріліп қойылғандықтан КТК са-
бағы бір жолы топ капитандарының бір-біріне, екінші жолы мұға-
лімнің дайындаған сұрақтарын қоюдан басталады. Сабақ мұғалім 
қарастырып әкелген анаграмма «А» мен анаграмма «Н»-ны ше-
шумен аяқталды. 
Анаграмма «А»-ға 1-ден 9-ға дейін Қазақстанда кездесетін 
өсімдіктер аттары, ал анаграмма «Н»-ға кездесетін жануарлар ат-
тары толтырылды. 
12-тапсырма. Анаграмма «А», Анаграмма «Н»
Бұл сабақтың соңы екі топтағы оқушылардың жақсы дайын-
дал ға нын, білім сапасындағы айырмашылық аз екендігін байқат-
ты. Оқушылар бірақ күнделікті өтетін аралас типті сабаққа 
қа ра ғанда қызыға дайындалғанын көрсетті. Нәтижесінде оқу шы-
лар дың әр зонаға тән топырақ, өсімдік, жануар, климатты айрық ша 
ажыратуларына мүмкіндік туғаны көрінді. «Қазақстан ның та би ғат 
зоналары» тақырыбы көрме түрінде басқа мектептерде өтілді. 
Сабақтың шарты, дайындығы екі апта бұрын түсіндіріліп, 
ескертілді. Сөйтіп, Қазақстан географиясын оқитын сегізінші 


80
сынып оқушылары 4 топқа бөлініп, әрқайсысы әр зона бойынша 
жеке дайындалды. Алдымен, әрқайсысы, өз зонасы бойынша ре-
ферат жазды, сонан соң сол зонаның топырағы, өсімдігі, жануа-
рына байланысты открытка, фото, гербарий, коллекцияларын жи-
нады, альбом жасады. Сабақ басталғанда әр топтан 1 не 2 оқушы 
өз зонасы туралы дайындаған заттарын көрсете отырып сөйледі. 
Бұл сабақтың жақсы жағы төрт табиғат зонасына тән объектіні 
оқушылар бірден естіп, көзбен көріп, қолымен ұстай алды. Ба-
лаларды еңбектеріне қарай мұғалім жақсы бағалады. Мысалы, 
орманды дала зонасын алатын болсақ оқулықтағы материалды 
толығымен жазып шығып, оқушы орманның сұр топырағының, 
даланың қара топырағының коллекциясын қорапшаға салып 
әкелді және ол топырақтарға ауызша толық сипаттама бере ала-
тындай болды. 
Өсімдіктерден қызғылт сабақты боз, шоқ түсті бетеге, бұ-
ралған жер бидайық, қарабас шалғын, қылқансыз арпабас, астық 
тұқымдасынан сәбізшөп гүлдері, қызыл бояу гүлдері, бұр шақ 
тұқымдастарынан сары гүлді беде, көк түсті бұршақтың, ағаш-
тардан – емен, жөке, қандыаған, қарағай, көктерек, бұталардан 
– тал долана, итмұрын, қарақат, тас бүлдірген, құлпынай, т.б. 
түрлерінің мүмкіндік болғанша өздерін, жапырақтарын (герба-
рий), біреулері суретін алып келді. 
Жеке орманды далаға тән жануарлары жоқтың қасы 
болғандықтан көршілес зоналарға тән сарышұнақ, сұртышқан, 
қосаяқ, ақ тышқан, қоян, сусар, түлкі, қасқыр, тиін, бұлан, сібір 
еліктері, бауырымен жорғалаушылардан жорғалауыш және тірі 
туатын кесірткелер мен сары бас, улы сұр жыландардың біреулері 
коллекциясын, біреулері суретін әкелді. Тіптен осы аталған 
өсімдік, жануарлар түрінің үштен бір бөлігін әкеліп көрсетті 
дегеннің өзінде ол оқушылардың мәңгі есінде қалуы мүмкін. Бұл 
сабақ балаларды өзгешелігімен қызықтырды. 
«Қазақстанның аумақтық табиғат аудандары» тақырыбы бо-
йынша 8 аумақтық табиғат ауданын оқушылардың сегіз тобы 
бөліп алып, үйде келесідей кестеге толтырып келеді. Мыса-
лы, Алтай аумақтық табиғат ауданы бойынша Алтай тауының 
географиялық орнын, тектоникасын, қазба байлығын, климатын, 
өзен, көл, мұздықтарын, табиғат ресурсын. 


81
13-тапсырма. Алтай тауы. 
Географиялық орны, жер бедері
Қазба байлығы
Тектоникалық құрылым
Климаты
Өзен, көл мұздықтары
Табиғат ресурстары
Ал Шығыс Еуропа жазығы, Батыс Сібір жазығы, Тұран ойпа-
ты, Орал Сарыарқа, Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, 
Тянь-Шань территориялық аудандарын пысықтау кезінде келесі 
кестені толтырады. 
14-тапсырма. Аумақтық-табиғат аудандары.

Аумақтық 
табиғат 
аудандары
Геологиялық 
құрылысы мен 
жер бедері
Пайдалы 
қазбала-
ры
Кли-
маты
Өзен - 
дері
Табиғат 
зоналары
1. Шығыс 
Еуропа 
жазығы
2. Батыс Сібір 
жазығы
3. Тұран 
жазығы
4. Орал
5. Сарыарқа
6. Алтай
7. Сауыр-
Тарбағатай
8. Жоңғар 
Алатауы
9. Тянь-Шань


82
Нәтижесінде әр табиғат ауданының өзіндік ерекшелігі бар 
екендігін және оның себептерін оқушы ұғынып алды. 
8. «Айналадағы орта және адамның денсаулығы» тақырыбы на 
байланысты адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы, қолай сыз 
аудандар үй тапсырмасы ретінде сұралған соң оқушыларға кескін 
картаға тіршілік үшін экологиялық жағдайы нашар, орташа және 
салыстырмалы түрде жақсы аудандарды түсіру тапсырылды. 
15-тапсырма. Экологиялық жағдайы қолайлы, қолайсыз ау-
дандар. 
Оқушылар Талдықорған, Ақтөбе, Орал қалаларын салыстыр-
малы түрде экологиялық жағдайы жақсы аймақтар ретінде қызыл 
бояумен үлкен диаграммамен, орташа аймақтар – Алматы, Тараз, 
Шымкент қалаларын көк бояумен бояп, ал Семей, Қарағанды, 
Жезқазған, Арал аймақтарын қоңырмен бояп, нашар аймақтар 
ретінде түсіру арқылы оларды естерінде сақтап қалады. 
9. «Қазақстан экологиясының мәселелері» тақырыбын семи-
нар түрінде өткізген қолайлы. Ол үшін алдын ала үш қатарда оты-
ратын оқушыларға төмендегідей етіп бөлініп беріледі:
1. Қазақстанның экологиялық жағдайы. 
2. Экологиялық проблемасын шешудің мақсаты мен міндет-
тері. 
3. Ауаны, су ресурсын қорғау. 
Ол үшін оқулықпен қоса Республикалық «Экология» кеше-
ні бағдарламасын 1989 жылы 6 июльдегі «Егеменді Қазақстан» 
газеті, «Ата мекен», «Экокурьер» газетін, «Деловая неделя» жур-
налының және «Егемен Қазақстан» газетінің 2001-2006 жылдар 
аралығын қарау тапсырылды. 
Бірінші қатардағы оқушылар «Қазақстанның экологиялық 
жағ дайы» жөнінде келесідей етіп реферат жазып келеді. Көп 
уақыт мән берілмей келген республикамыздағы экология мәсе-
лесі тұрақты ластану көздерінің атмосфераға зиянды заттар 
шығаруын, 2000 жылы 5,4 млн тоннаға жетуіне әкеліп соқтырған. 
Экологияның ластануына зиянын тигізген, әсіресе қара, түсті ме-
таллургия, химия өнер кәсібі, транспорт салалары. Автомобиль 
транспортынан зиянды заттың шығарылуы жылына 2,9 млн т ша-
масында болуда. Зиянды заттары көп қалаларға Алматы, Тараз, 
Лениногор, Өскемен, Зырян, Теміртау, Шымкент қалалары жата-


83
ды. Атмосфераның ластау көздері – тозаң-газдардан тазартатын 
жабдықтар жеткіліксіз, жарақтанған өнеркәсіп орындарының 
газ тектес тастанды заттарын және автомобиль транспортының 
жағылған газдарын тазартудың катализдік әдістері өндіріске өте 
баяу енгізілуде. 
Қарашығанақ газ-конденсат және Теңізмұнай кеніштері ауда-
нында атмосфераның күкіртті ангидридпен ластану дәрежесі ең 
шекті мөлшеріне жетіп отыр. 
Су ресурсы толығымен лас. Арал теңізі жойылды. Ертіс 
өзенінің Үлбі, Глубочанка, Тихая, Громотуха тәрізді салала-
рына түсті металлургия мен энергетика кәсіпорындарының 
тазартылмаған сарқынды суының құйылуы салдарынан мыс 
пен мырыш та шекті мөлшерінен ондаған есе көп. Балқаш 
көлін «Балқаш-мыс» бірлестігі мен жылу электр орталығының 
сарқынды қалдығы ластап келеді. Орал Елек, Сырдария, Бадам, 
Нұра өзендері де санитарлық нормаға сай емес. 
Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында 
жер асты суы ластанған. Топырақтың құрамында қара шірік азаю-
да, суармалы жерлер сортаңдау және батпаққа айналуы себепті 
ауылшаруашылық айналымынан шығып қалуда. Топырақты 
қайта өңдеу нашар жүзеге асырылуда. 
Ағашты жаппай кесу, өрт, орман шаруашылығына, әсіресе 
Шығыс Қазақстанда көп зиян келтіруде. Ақмола, Шығыс Қазақ-
стан, Павлодар облыстарында қылқан жапырақты ағаш тардың 
көп кесілуіне жол берілуде. Мал жайылымы жерлердің де көркі 
айтарлықтай емес. 
Каспий, Балқашта бағалы балық түрлері азаюда. Ол көбінесе 
браконьерлерге қарсы әрекеттердің нашар болуынан. 
Физикалық факторлардың: шудың, дірілдің, электр магнит 
өріс терінің айналадағы ортаға зиянды ықпалы көп. Алматы, 
Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шымкент – шудың режимі жөні-
нен ең жайсыз қалалар қатарында. 
Екінші қатардағы балалар келесі мәселелерді қамтитын «Эко-
логиялық проблеманы шешудің мақсаты мен міндеттері» ту-
ралы рефераттарын төмендегідей етіп жазды. Республикадағы 
экологиялық проблеманы шешудің негізгі мақсаты табиғи 
ортаның ластану деңгейін едәуір төмендету арқылы халыққа 


84
жайлы тұрмыс жағдайларын жасау болып табылады. Ол үшін 
мынадай жұмыстар жүзеге асырылуы қажет:
– жұмыс істеп тұрған шаң және су тазарту құрылыстарының 
тиімділігі нормативтік мөлшерге жеткізілсін;
– атмосфераға тұрақты көздерден зиянды заттар шығарылуы 
азайтылсын;
– жасыл желек ұлғайтылсын, суару жүйесі кеңейтілсін;
– жер бетіндегі су бөгендеріне лас ағын суларын құю толы-
ғымен тоқтатылсын;
– хайуанаттар мен өсімдік мекендейтін табиғи жағдайларды 
сақтау қамтамасыз етілсін;
– өндіргіш күштерді экологиялық жағынан негіздеп орналас-
тыру талабы орындалсын;
– барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың экологиялық пас-
порты енгізілсін;
– өнеркәсіп орындарын қалдығы аз және қалдықсыз техно-
логияға көшіру жөніндегі шаралар қолданылсын;
– халықтың ауруға шалдығу себептерін жоюға, оның денсау-
лығын қорғайтын жағдайларды жақсартуға бағытталған алдын 
алу шаралары кешенді негізделіп жұмыс істелсін. 
Үшінші қатардағы оқушылар «Ауаны, су ресурсын қорғау» 
жөнінде рефераттарын келесідей мағынада жазған. Яғни, ауаны 
қорғау үшін:
– электр энергиясын алудың қатты отынды жұмсауды кемітуге 
мүмкіндік беретіндей ұтымды процесін енгізу;
– жылу электр станцияларын бірте-бірте газ отынға көшіру;
– жылу энергетика кәсіпорындарының күл-қоқыс қалдықта-
рын кәдеге жарату;
– автотранспорт шығаратын қалдықтар үлесін азайту, оны 
таза газ отынына көшіру негізінде кеміту, т.б. 
Су ресурсын қорғау үшін:
– республика халық шаруашылығында суды қолдануды 
кеміту;
– су тазартқыш құрылыстарды ірі кәсіпорын мен қалаларда 
іске қосу;
– жер асты суын халық шаруашылық мұқтаждарына пайда-
лану;


85
Арал теңізі бассейніне байланысты:
– күріш егістігі алаптары азайтылсын;
– суландыру үшін коллекторлық-дренаждық су пайдаланыл-
сын;
– тазартылған сарқынды суды қайталап пайдалану енгізілсін;
– Сырдария өзені бассейніндегі су ресурстары үнемделсін. 
Балқаш көлі бассейніне байланысты:
– Іле-Балқаш бассейнінің жер бетіндегі су көздерінен су алып, 
жаңа суармалы жерлер игеруге тыйым салынсын;
– суларды пайдалану негізінде жаңа суармалы жерлерді іске 
қосу жүргізілсін;
– жер асты суларын пайдалану есебінен жер бетіндегі су 
көздерінен су алу қысқартылсын;
– Балқаш көлінің деңгейі 341м белгіден төмен түсірілмесін;
– Балқаш-мыс бірлестігінде және жылу электр орталығында 
тазарту құрылыстарын салу қамтамасыз етілсін. 
Реферат жазып, ауызша айтып беру нәтижесінде оқушылар 
республикамыздың экологиялық проблемалары жөнінде біраз ха-
бардар болды. Ал бұл қай жерде және қашан да болса өз өлкесін, 
жерін қорғауға, сақтауға ынталандырады. 
10. «Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған территория-
лар» тақырыбы таңғажайыптар алаңы сабағы ретінде екі топтың 
арасындағы жарыс түрінде өткізілді (6-тақырыптағыдай). Бұл 
жолғы жасырынған сөздер Қазақстанның Наурызым, Ақсу-Жаба-
ғылы, Алматы, Қорғалжын, Үстірт, Марқакөл қорықтары және 
сол қорықтағы жануарлар, өсімдіктер, қорықтың құрылған жыл-
дары, орналасқан жерлері. 
Оқушылар осы қорықтарға байланысты 2 апта бойы жақсылап 
дайындалды. 
Сабақта кейбір қорықтың, жануар, өсімдіктердің аты көрсетіл-
меген фото, суреттері болды. Ойланып шешуге соның да көп 
көмегі тиді. 
Сонымен бірге бұл оқулықтағы соңғы тақырыптардың бірі 
болғандықтан «Менің Қазақстаным» сөзтізбегі шешілді. 
10-тапсырма. Сөзтізбек «Менің Қазақстаным»
1 – өзен, 2 – көл, 3 – табиғат, 4 – жазық, 5 – пайдалы қазбалар,
6 – қорық, 7 – шөл, 8 – өзен, 9 – аласа таулы өлке, 10 – Қазақстанның 


86
ұсақ шоқылы аймағы, 11 – биік тау, 12 – республикадағы ең ірі 
мұз дық, 13 – Қазақстанның ең төменгі жері, 14 – Қазақстанның 
ең биік жері, 15 – жауын-шашын ең аз түсетін жері, 16 – астанасы. 
Бұл сөзтізбекті оқушылар «Ертіс, Балқаш, шөл, Тұран, темір, 
Қорғалжын, Мойынқұм, Іле, Мұғалжар, Сарыарқа, Алтай, Кор-
женевский, Қарақия, Хантәңірі, Алматы» деп шешіп, оқып 
кеткендігін қайталап, пысықтады. Демек, Қазақстанды физика-
географиялық тұрғыдан білгендігін қорытындылады. 
Сөйтіп, қарастырылған Қазақстан физикалық географиясы-
ның 10 тақырыбының бесеуін семинар, КТК, таңғажайыптар 
алаңы, көрме сабағы етіп өткізген жолдары қарастырылды. 
Картамен, кескін картасымен жұмыс жасау, оқулық көмегімен 
кейбір қойылған сұрақтарға жауап, кесте толтыру арқылы сипат-
тама бергіздіру, оқулықтағы сандық көрсеткіштермен жұмыс 
(график, профиль, диаграмма, сыздыру), сөзтізбек, сөзжұмбақ, 
анаграммалар шештіру, сұрақтарға жауап алу қарастырылды. 
Нәтижесінде оқушылар Қазақстанды зерттеушілер, жер бедері, 
пайдалы қазбалары, ішкі сулары, климаты, табиғат зоналары, 
территориялық табиғат аудандары, экологиялық проблемала-
ры, қорықтары жөнінде көптеген ұғым қалыптастырып, заңды-
лық тарды ұғынды. Бір-бірімен жарыса отырып, геогра фия лық 
объектілерді түсінді. Пәнге қызығушылығы біраз жоғарылады 
деуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет