О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет36/69
Дата08.09.2023
өлшемі4,9 Mb.
#106678
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   69
Байланысты:
dokumen.pub 9786010400351

7. Географиялық ребустар
Ребус – дегенiмiз әртүрлi суреттер, белгiлер, тұлғалар, сан-
дар арқылы жеке сөздердi жұмбаққа айналдыру. Географиялық 
ребустар суреттерге, белгiлерге, сандарға қарай отырып, геогра-
фиялық атауларды табады. Сондықтан ребусты шешу көп ойла-
нуды қажет етедi. Мысалы:
1. Алатау.
2. Алма-арасан.
3. Тау мен тасты су бұзар ребустары. 
Кiм жылдам ойыны
Бұл ойын оқушыларды шапшаңдыққа баулитын ойындардың 
бірі. Шең бер сызу нәтижесінде әріптер жазу арқылы ойналады. 
Мы салы, 7-сыныптың географиясы бойынша «Үнді мұхиты» 
тақырыбын аламыз. 
Егер осы шеңбердегі «Я» әрпінен бастап, екі тор көз тастап 
тез оқитын болса, төмендегідей сөздер шығады:
1. Ява.
2. Абель Тасман.
3. Кук.


107
Саяхатқа шығу ойыны
Оқушылардың ең жақсы көретін ойыны – карта бойынша 
саяхатқа шығу. Әсіресе ұлы географиялық ашулар заманындағы 
ұлы саяхатшылардың саяхаттары. Әрбір материктер мен мұхит-
тардың ашылу тарихы кезіндегі жүрген жолдарын сабақтарда 
ойнатуға болады. 
Мысалы, «Оңтүстік Америка материгі» тарауы. Материктің 
ашылу және зерттелу тарихы бойынша сабақтарда «Саяхат» ойы-
нын қолдануға болады. Оқушыларда Х. Колумб, А. Веспучи, 
Ф. Магеллан, т.б. рөлдеріне қойып, саяхатқа карта арқылы шы-
ғарамыз. Ойынның тиімділігі – оқушылардың есінде жер-су атта-
ры қалады әрі саяхатшылардың жүрген жолдарын біледі. 
Сурет, картасызба арқылы берілетін жұмбақтар
Бір «Р» әрпі берілген Қазақстанның қалалары мен өзендерін 
жазыңыз. 
1. Қазақстанның қалалары
2. Қазақстанның өзендері
1. Атырау
1. Арыс
2. Жаңақорған
2. Ертіс
3. Қарағанды
3. Қаратал
4. Қаражал
4. Қарасу
5. Қызылорда
5. Нұра
6. Қызылжар
6. Тоқырауын
7. Тараз
7. Торғай
8. Талдықорған
8. Сырдария
9. Павлодар
9. Ырғыз
10. Орал
10. Сарысу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет