26
Ол И.Ф. Гербарттың консервативтiк көзқарасына қарсы күрес
жүргiздi. К.Д. Ушинский оқушыларды бiлiммен қаруландырумен
қатар оларды жан-жақты дамыту амалдарын қарастырды. Оқу
iсiн жақсартудың ең негiзгi шарты мұғалiмнiң өзiнiң педаго-
гикалық шеберлiгiн арттыра бiлуде деп түсiндi. Сабақ үстiнде
оқушыларды оқыта бiлудi үйрену қажет екендiгiн талап еттi.
Олардың сабаққа енжар қараушылығын жою жақтарымен
шұғылданды және материалдың мазмұнын өздiгiнен шеше бiлу
жолын iздестiрдi. Мұғалiм материалды баяндаумен қатар, оны
оқушылардың үй тапсырмасымен және өткен материалдарды
тұтастай үдерістермен байланыстыра бiлу шараларын көздедi.
Оқушыларға шамасы келмейтiн тым ауыр материалдарды
оқыту олардың ақыл-ой белсендiлiгiнің дамуына өте зиянды
деп есептедi. Материалдың оқушылардың шамасына лайық бо -
луына үлкен мән бердi. К.Д. Ушинский өз заманындағы озат пе-
да гогикалық тәжiрибелерге сүйене отырып, оқу iсiн ұйымдас-
тыру үшiн аса қажеттi дидактикалық және психологиялық
ұстанымдарды ұсынды.
Кең байтақ Ресейдiң мұндай прогрестiк педагогикалық идея-
лары басқа да ұлт аймақтарына тарады, оның iшiнде қазақ саха-
расына да келiп жеттi.
Қазақ даласында Ресейдiң прогрестiк педагогикалық идея-
сын жалғастырушылардың бiрi Ы. Алтынсарин болды. Ол
К.Д. Ушинскийдiң, И.И. Паульсонның педагогикалық көзқарас-
тарын зерттедi.
Достарыңызбен бөлісу: