14
бiлiм болып табылатын оқу пәндерi тобына жатады. Ал шетел
тiлдерi, сызу, дене тәрбиесi сияқты кейбiр пәндерде iс-әрекеттер
тәсiлдерi немесе iскерлiктер мен дағдылар негiзгi орында тұрады.
Географиялық бiлiм теориялық
және эмпирикалық болып
бөлiнедi. Теориялық бiлiм құбылыстар мен заттардың мәнiн аша-
ды, олардың iшкi байланыстары мен қатынастарын көрсетедi.
Ол ұғымдардан, заңдылықтардан тұжырымдамалардан және
себеп-салдар байланыстарынан тұрады. Эмпирикалық бiлiм
құбылыстар мен нысандардың сыртқы ерекшелiктерiн ашады.
Бұлар фактiлер мен сипаттамалар, атаулардан құралады.
Географиялық бiлiмдi игеру
ерекшелiктерi мен олардың
оқулықта баяндалу тәсiлдерi де әртүрлi (сызбада көрсетiлген).
Бүгiнгi күнде мектеп географиясы мазмұнын дамытудағы алда
тұрған мәселенiң бiрi – бұл теориялық бiлiмдер мен эмпирикалық
бiлiмдердiң арақатынасын анықтау.
Оқу мазмұнында эмпирикалыққа қарағанда теориялық бiлiм
үлесi көп болса, онда мазмұнның ғылыми деңгейi де жоғары бо-
лады. Сондықтан теориялық бiлiм iргелi (фундаменталды) бiлiм
болып саналады. Осыған орай, бiлiм беру үдерісiнде оқушыларды
осы iргелi бiлiмдi алуға бағыттауымыз қажет. Өйткенi фактiлер
мен жеке ұғымдар, анықтамалар және құбылыстардың сыртқы
көрiнiстерiн сипаттау заңдылықтарды, жалпы ұғымдарды түсiнiп,
олардың себеп-салдар байланыстарын ашу үшiн қажеттi бiлiм
болып табылады. Сондықтан да тек эмпирикалық бiлiммен ғана
шектелу география мазмұнын толық меңгеруге жатпайды.
Орта мектептегi оқу үдерісi оқушылардың негiзгi мазмұнды
қабылдаған бағдарламаларға сай меңгеруiне бағытталады. Сон-
дық тан мұғалiмдердiң оқу материалдары мазмұнын таңдау ке-
зiнде оқу үдерiсiн бағдарламадағы «Оқушылардың
дайындық
деңгейiне қойылатын талаптар» бөлiмiнде келтiрiлген бiлiм мен
iскерлiктердi негiзге ала отырып, жүргiзгенi дұрыс. География
бағдарламасы геологиялық-геоморфологиялық, гидрологиялық,
климатологиялық,
табиғат кешендерi, дүниежүзiнiң саяси кар-
тасы, халқы мен табиғат қоры, салааралық кешендер, эконо-
ми калық аудандар және т.б. курстан-курсқа
дамытылып оты-
ратын бiрнеше бiлiм топтарынан тұрады. 2003 жылы шыққан
Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 7-сыныбына арналған
15
бағдарламада бiлiм компоненттерi: атауларды, географиялық
қабық компоненттерiн және т.б. атай немесе көрсете алуы, жер
бедерiнiң негiзгi пішіндерінің таралуын, әрбiр материктерге тән
өсiмдiктер мен жануарлардың түрлерiн және т.б. сипаттай алуы:
«Табиғат кешенi», «географиялық қабық», «табиғат белдемi»
ұғымдарының мағынасын, жеке аймақтар мен елдердегi дәстүрлi
шаруашылық түрлерiн және т.б. ұғымдар мен заңдылықтарды, се-
беп-салдар байланыстарын оқушылар түсiндiре алуы тиiс деген
талаптар қойылады.
Оқулықтарда осы талаптар қалай жүзеге асырылады? Сызбада
көрсетiлгендей, оқулықтың негiзгi мәтiнi түсiндiрме, ақпараттық-
сипаттама және нұсқаулы мәтiндер түрiнде берiледi. Түсiндiрме
мәтiнде ұғымдар мен заңдылықтардың себеп-салдардың көмегi-
мен шындық болмысты нақты
құбылыстардың мәнiн ашуға
мүмкiндiк туады. Сондықтан жаңа буын оқулықтарында геогра-
фиялық бiлiмнiң негiзiн қалайтын түсiндiрме мәтiндердiң көп бо-
луы қажет.
Ақпараттық-сипаттама мәтiндер қарастырылатын құбылыс-
тар мен нысандардың сыртқы көрiнiсiн сипаттайтын мәтiндерден
тұрады. Бұларға қойылатын негiзгi талаптар – келтiрiлген дәйек-
тердiң дәлдiгi, ұсынылатын мәлiметтердiң оқушылардың қабыл-
дауына және есте сақтауына лайық мөлшерде болуы.
География мазмұнының екiншi бiр құрамдас бөлiгi – iскер-
лiктер мен дағдылар. Бағдарламада оқушылардың анықтай не-
месе өлшей алуы тиiс, яғни iскерлiктерiне қойылатын талаптар
тiзбесiмен, сонымен бiрге iс-әрекеттер тәсiлiн қалыптастыратын
сарамандық жұмыстар арқылы көрiнiс тапқан. Iскерлiктер мен
дағ дылардың рөлi географияны оқыту үдерісінде
жылдан-жыл-
ға артып келедi. Оның себебi соңғы кездерде бiлiм беруде қойы-
латын талаптардың бiрi – оқушыларды өз бетiнше бiлiм алуға
дайындау.
Ал оқулықтарда нұсқаулы мәтiндер оқушылардың белгiлi
бiр бiлiм алуға қажеттi iс-әрекеттер тiзбесiн (нысандардың
географиялық орнын анықтау, климаттық карта негiзiнде
аумақтың
климатына сипаттама беру, ауданның экономикалық-
географиялық жағдайына сипаттама беруге арналған жоспарлар
мен нұсқаулар) көрсетедi.
16
Осы бағдарламалар мен оқулықтарда көрсетiлген геогра-
фия мазмұны компоненттерiн мұғалiм оқушыларға меңгерту
барысында сабақ жоспарында, сабақтың
әдiстерi мен оқытуды
ұйымдастыру пішіндерін таңдау да қарастырғаны маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: