О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


Оқушылардың бiлiмiн бағалау және тексеру



Pdf көрінісі
бет6/69
Дата08.09.2023
өлшемі4,9 Mb.
#106678
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
dokumen.pub 9786010400351

2.4. Оқушылардың бiлiмiн бағалау және тексеру
Оның негiзгi мақсаты – оқушы iс-әрекетiнiң қорытындысын 
шығару және келесi сабаққа дайындығын анықтау. Оқу үдерiсiнiң 
құрылымына сай тексеру үшке бөлiнедi: күнделiктi, тарауды 
қорытындылау, курсты толығымен қайталау. 
Мұғалiм тексеру сұрақтары мен тапсырмаларын құрауда оқу-
шының iс-әрекетiн ұйымдастыру тәсiлдерi мен түрлерiн ес кере 
отырып, жеке оқушыларға, топқа арналған сұрақ-тапсыр малар-
мен қатар жаппай (фронтальный) тексеру жолдарын iздестiредi. 
Егер де оқушы жауабы теориялық жағынан дұрыс, термин 
атауларына толық жауабы бар, карта, дәптерлерiнде сарамандық 
жұмыстар дұрыс орындалған, заңдылықтарды аша бiлсе, өздiгi-
нен қорытынды жасай алатын қабiлет көрсетсе, жоғары бағаға ие 
болады. Егер де оқушы тiрек-конспектiнi, географиялық дәптердi, 
кескiн картаны, атласты пайдалана бiлсе, онда ол оқушы бiлiм 
деңгейiнiң дұрыстығын көрсетедi. 
Оқушы өз бiлiмiн жазбаша түрде де көрсете алады. Үй тап-
сырмаларын орындауға ерекше назар аударған жөн, берiлген тап-
сырманы тексерiп отырмаған жағдайда оқушының үй жұмысын 
мұқият орындап отыру ережесi бұзылады. 


18
Берiлген тапсырма өз уақытында тексерiлiп, бағалануға тиiстi. 
География оқулығының iрi тарауларын түсiнген, түсiнбегенiн 
анықтауда оқулықтағы қорытынды сұрақтар мен тапсырмалардың 
маңызы зор. 
Мысалы, оқушының «План және карта» бойынша карта сыз-
бамен жұмыс iстеуi масштаб, азимут, шартты белгiлердi, картаны 
оқу, сызу қабiлетiн бағалауға мүмкiншiлiк бередi. Ұқыптылыққа 
үйретедi. Оқушылардың жергiлiктi жердегi сарамандық 
жұмыстарын дұрыс орындауға алғы шарттар жасайды. 
Бiлiмдi тексеру жүйесi. Бiлiмдi ауызша тексеру
Бiлiмдi тексерудiң басты мақсаты – өткен материалды оқу-
шылардың қалай игергенiн тексеру. Яғни олардың бiлiм дең-
гейлерiн, iскерлiгi мен дағдысын тексеру, сонымен қатар бұл тек-
серулер оқушылардың iскерлiгi мен дағдысын жетiлдiруге және 
қалыптастыруға көмек бередi. 
Тексерудiң басты нысаны – бұл географиялық карта мен ма-
териалды бiлу, географиялық көрiнiстердiң байланыс себебiн 
түсiну, практикада алған бiлiмiн қолдана бiлу және өз бетiнше 
бiлiмiн жетiлдiру. Мұғалiм оқушылардың географиялық термин-
дер мен атауларды дұрыс айтуларын, географиялық нысандарға 
түсiнiктеме беруiн, орналасқан аймақтарды картадан дұрыс 
көрсетуiн және ауызша түсiнiк беруiн тексерулерi керек. 
Бұл тексерулер оқушылардың картамен жұмыс iстеулерiндегi 
дағдысы мен iскерлiгiнiң деңгейлерiн және жинақтаған бiлiм 
қорларын анықтауға мүмкiндiк бередi. 
Тексерулер жүйелi және жоспарлы болады. Оны бағдарла-
ма ның барлық тақырыптары бойынша жүргiзу керек. Негiзiнен, 
сабақта мұғалiм өтiлiп жатқан және алдыңғы өткен сабақтардың 
оқушыларға әсерiн тексерiп отырады. 
Бiлiмдi тексеру ауызша және жазбаша түрде болады. Әрбiр 
тәсiл екi формада қолданылады. Ауызша индивидуалды тексеру 
кезiнде мұғалiм, оқушыларға сұрақ қоя отырып, оларды тақтаға 
шақырады. Ауызша тексерудiң бұл формасы оқушылардың 
әрқайсысын жан-жақты бiлуге жағдай жасайды. 
Оқушылардың бiлiмiн, бiлiгiн және дағдысын тексеру – 
оқыту үдерісінiң ең маңызды бөлiмiнiң бiрi. Бiлiм, бiлiк, дағдыны 


19
тексерудiң басты мақсаты – оқушының үлгерiмiн үнемi қадағалау. 
Жүйелi түрде тексерудiң диагностикалық, бiлiм беру және 
тәрбиелiк маңызы өте зор. 
Оқушылардың бiлiм дәрежесi оны тексеру әдiсiмен де тығыз 
байланысты. Тексеру барысында бағдарлама талаптарында 
көрсетiлген нәтижелер қаншалықты жеткiзiлгенi анықталып, 
қорытынды нәтижесi дұрыс бағаланады. 
Дидактикалық белгiлерiне қарай бiлiмдi тексеру күнделiктi, 
алдын ала, қорытындылау деп бөлiнедi. Әдiстеме бойынша ауыз-
ша, жазбаша, эксперименттiк (сарамандық) деп бөлуге болады. 
Тексеру жүйесi белгiлi мақсатқа жету үшiн жоғарыда 
аталған түрлердiң барлығын қолдануды қажет етедi. Мыса-
лы, алдын ала тексерудiң мақсаты – жаңа материалды игеруге 
қажеттi бiлiм, бiлiк, дағды деңгейiн анықтау болып табылады. 
Мұндай тексерудiң нәтижесiнде мұғалiм оқушылар бiлiмiндегi 
олқылықтарды дер кезiнде байқап, анықтап, қосымша сабақ, 
кеңес ұйымдастыра алады. Алдын ала тексеруге арналған сұрақ-
тар мектеп бағдарламасына сәйкес құрылады. 
Күнделiктi тексерудiң мақсаты – мұғалiм күнделiктi жұмыс 
барысында пән бойынша әрбiр оқушының бiлiм, бiлiк және 
дағ дысын жекелей тексеру. Мұндай тексерудiң нәтижесiнде 
оқушылардың жалпы үлгерiмiн қадағалауға үлкен мүмкiндiк туа-
ды. Оқушы бiлiмiн күнделiктi тексерiп отырмаған мұғалiмнiң 
сабақты дұрыс ұйымдастыруы, жалпы жұмысты бағдарлауы 
да қиындай түседi. Күнделiктi тексеру үшiн әртүрлi әдiс – жеке 
және қосымша сұрау, жазбаша бақылау жұмысы, күнделiктi 
бақылау, сарамандық сабақта бақылау, жазбаша үй жұмысын тек-
серу, үйде жүргiзген сарамандық жұмысты және танымжорық 
қорытындысын тексеру, экрандық құралдарды, қойылымдарды 
көру нәтижесi бойынша есеп қолданылады. 
Алайда жоғарыда аталған әдiстер бiлiм, бiлiк және дағдыны 
тек белгiлi бiр жағынан тексеруге мүмкiндiк бередi, сондықтан 
тексеру барысында түрлi әдiстi қолдану қажет. 
Мерзiмдi (периодты) тексеру. Бұл оқушылар бiлiмiн күнделiктi 
тексеру нәтижесi ескерiлiп жүргiзiледi. Ол тоқсан соңында
жарты жылдықтан кейiн немесе тақырыпты, тарауды өткен соң 
белгiлi бiр мерзiм iшiнде ұйымдастырылады. 


20
Мұндай тексерудi жоғары сыныптарда сынақ ретiнде жүргiзу 
өте қолайлы. Сынақ алу арқылы оқу материалдарын бiрнеше 
бөлiкке бөлiп, оқушылар бiлiм деңгейiн оқыту нәтижесiнде 
қойылатын мiндеттi талаптарға сай келуiн тексередi. 
Көбiнесе тақырыптық және қорыту сынағы жиi қолданылады. 
Сынақ нәтижесi екi балды шкала бойынша, яғни «сынақ», 
«сынақ емес» деп бағаланады. Әрбiр оқушы курс бойынша бел-
гiленген барлық сынақты тапсыруға тиiс. Егер оқушы берiлген 
тапсырманың 70-80 пайызын дұрыс орындаса, сынақ жұмысы 
қабылданып, одан төмен көрсеткiште қайта тапсыру қажеттiлігi 
туады. 
Қорытынды тексеру мемлекеттiк емтихандарда жүргiзiледi. 
Тексерудiң барлық түрiн, әдiсiн, пішінін, қажеттi жағдайда, жүйе-
лi түрде дұрыс қолдану оқыту сапасын жоғарылатып, оқушылар 
үлгерiмiндегi жетiспеушiлiктi дер кезiнде ашуға мүмкiндiк бередi. 
Оқушылардың бiлiмiн тексерудiң түрлi әдiснамалық астар-
лары Ю.К. Бабанский, Т.И. Батурина, И.И. Кулибаба, В.П. Бес-
палько, И.Г. Краснянская, И.А. Раппопорт, В.Л. Рысс, т.б. еңбек-
терiнде қарастырылады. Мысалы, Ю.К. Бабанский оқушы лар дың 
бiлiм, бiлiк, iскерлiгiн тексеру ұстанымы деңгейiн оқытуда өзiн-
өзi тексеру және жан-жақты, жылдам әрi қолайлы тексерудi 
қамтамасыз ету ұстанымы деңгейiне дейiн көтердi. Ол жүйелi 
тексерудi ұйымдастыру қоғамдық сұраныстан, яки мектеп 
жұмысы тиiмдiлiгiнiң дәрежесi жайында күнделiктi ақпараттың 
қажеттiлігiнен туындайды деп атап көрсетедi. 
Ұзақ уақыт оқыту үдерiсiнде бiлiм деңгейiн тексеру бары-
сында ауызша сұрау қолданылды. Бұл оқушылардың өз ойларын 
сөзбен дұрыс жеткiзуге, сұрақтарға толық жауап беруге үйретедi. 
Алайда ауызша тексеру ұзақ уақыт алады және 3-4 оқушының 
ғана бiлiмi тексерiлiп, олардың пәнге қызығуын, таным әрекетiн 
төмендетуi мүмкiн. Сондықтан соңғы кезде оқушылардың бiлiмiн 
тексерудiң жолдары мен әдiстерi, оны өлшеу құралдары көбейiп, 
сынақтан өткiзiлуде. 
Әр пән бойынша оқушылардың бiлiм, бiлiк, дағдыларына 
қойылатын талаптар бұрынғы бағдарламаларда болады. Бiрақ 
ол талаптар бiлiм мазмұнының жалпыға бiрдей бiр деңгейiмен 
ғана анықталатындықтан, оқу үдерісiн оқушылардың жеке бас 


21
ерекшелiктерiн (қабiлетiндегi, икемдiлiгiндегi, жалпы дамуын-
дағы, т.б.) ескере отырып ұйымдастыруға мүмкiндiк бермейдi. 
Жаңа оқу бағдарламалары жобасында бастауыш бiлiм 
мазмұны оқушылардың бiлiм, бiлiк, дағдыларына қойылатын та-
лаптар түрiнде екi деңгеймен берiледi:
1. Оқу материалының мектеп ұсынатын базалық (инвариант-
тық) деңгейi. 
2. Оқушылар дайындығының ең аз (минималды) қажеттi 
деңгейi (мiндеттi деңгей). 
Оқушылардың меңгерген бiлiм мен бiлiктерiнiң мiндеттi 
деңгейiндегi талаптарға қаншалықты сай екендiгiн арнайы 
тапсырмалар арқылы бақылап, тексеруге болады. Тапсыр-
малар мiндеттi деңгейiндегi талаптардың мазмұнын толық 
қамтитындықтан, олардың орындалу нәтижесi пәнiнен алған 
оқушы бiлiмi мен бiлiктердiң объективтi жағдайын көрсетедi. 
Бұл тапсырмалар нәтижесiнде мұғалiм өзiн бақылауды жүзеге 
асыра алады. Оқушы бiлiмi мен бiлiктерiндегi жетiстiктердi, 
кемшiлiктердi, олардың себептерiн анықтап, өз жұмысына талдау 
жасайды, оны жетiлдiрудiң жоспарын белгiлейдi. 
Оқушылардың бiлiмi мен бiлiгiн тексерудiң түрлi пішіндері-
нің iшiнде соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру 
алып жүр. Оқыту саласында тестi қолдану бiлiмдi тексеру әдiсiн 
жетiлдiруге қосылып отырған үлкен үлес болып есептеледi. 
Тест – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет