4
Әдеби KZ
Талайы бозбаланың болған ғашық,
Уай шіркін! Болсайшы деп бізге нәсіп.
Егерде Қамарменен тіл қағысса,
Құдай ұрып жым болар қара басып.
Омар да қоя берді бетін қақпай,
Жүрсе де сонысынан жұртқа жақпай.
Әркімдер құдалықты ойланса да,
Қамар қыз қайдан көнсін теңін таппай.
Қамар осындай сәулетпен бұлғақтап болып тұрған кезінде
құдай берген дәулеттің
арқасында абырой, атақ бірдей келіп толықсып тұрған кезінде:
Сұлу Қамар, ақын Қамар, жаным Қамар,
Қамаржан, сені ойласам, ішім жанар.
Үлбіреген аузыңнан бір сүйгізсең,
Ішкендей кәусар суын мейірім қанар
-
дегендей өлеңдер сол маңайдағы бозбалалардың аузынан
екі елі тастамайтын тәсбиғы
еді. Және бір нәрсені көңілдері ұнатып, мақтағысы келсе: "Уай, шіркін! Мынау Қамардай
екен!" десуші еді. Кей уақыт Қамардың көзіне жазатайым көздері түсіп
кеткендері де
әлдеқандай көтеріліп, қуанып қалушы еді. Қамар біреуінен әншейін бір істің жөнін сұраса