Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет4/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Әдеби KZ 
Және Ахметтің ақыл-ой зеректігінің үстіне сұңқардың баласындай бітімі жақсы, көзге 
түсерлік көркі бар, сөзге шешен, ойдан шығарғыш - ақын, жарып салма өткір еді. Той 
секілді жұрт жиналған жерлерде өлең болсын, ойын болсын, газет, журнал, кітап оқып, 
шариғат-насихат айту болсын, ең арты біреуді сықақтаған қулық болсын, бас бәйге 
Ахметтікі еді. Тартынбай тамылжытып сөйлегенде де өзінен үлкен-кішілердің аузынан 
суын ағызып, көңілдеріндегі уын шығара жаздаушы еді. Соның үшін елдің атқамінер, 
ақсақалдары: "Оқыды деп Жәукенің баласын айт. Әне, сондай болсайшы",- деп біреуге 
ақыл айтқанда қызға Қамарды үлгі қылатын секілді, бозбалаға Ахметгі үлгі қылып ұрсушы 
еді. "Қыз қылығынан" деп... не қылса да, Ахмет осындай-осындай қылықты мінездермен 
құрбы-замандастары арасында айтулы һәм ағайын, халқына сүйкімді болып, жас та болса 
біраз жұртқа атағы да шығып кетті... Міне, Ахмет бас болған жерде бас болып, жас болған 
жерде жас болып, тіпті мас болған жерде мас болып, тоғыз қырлы, тоқсан сырлы жігіт 
ағасы деуге лайық болып жүрді. 
Бірақ аулының малға мастанған мұрындықсыз желбастары ғана Ахметтің зеректігін көре 
алмай күндеп, іштері жарылып кете жаздаушы еді. "Сонша көтеріп неме керек: кешегі 
мұрнынан боғы аққан Жәукенің жаман баласы емес пе еді?" деп, жарбаңдап алдына 
шыға берушілер де аз емес еді. 
"Жақсыдан жаман туса - емі болмас, жаманнан жақсы туса - теңі болмас" деген 
бабаларымыздың жарқыраған жолын надандығы көргізбеуші еді. 
Көбінесе себеп: олар жүрген бұзық жолда Ахметтің жүрмеуі, оларга жолдас болмауы, 
жақсылыққа бастауы, жамандыққа баспауы еді. Бозбалалардың сыртқы жәй 
әңгімелерінде: бұл маңайда Қамармен әзілге, сөзге, өлеңге һәм ақыл, ой білімге де 
жалғыз-ақ пар келетін Ахмет екендігі айтылып отырушы еді, һәм бұл екеуінің сын-
сымбаты сырттан бір-біріне ұнасқандығына қарағанда, тап шыны да сол болуға лайық еді. 
Қамар, Ахмет іштерінен бірін-бірі жанындай көріп жарылып кете жаздаса да, ағасы 
Қасеннің жаны бірге досты һәм құрдасы болып, бірге жүріп, бірге тұрған соң, бірі аға, бірі 
қарындас секілді болып бір-біріне ойнап болсын, шындап болсын сыр ашып, сыбырласа 
қойған жерлері жоқ еді және біраз күнгі ойын-күлкі ғана болмаса, Қамар, Ахмет түпкілікті 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет