Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет6/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Әдеби KZ 
"Көп жүрдім шыдайын деп іштен жанып
Кейде олай, кейде бұлай ойға қалып. 
Амалсыз арды түйіп қалам алдым: 
Кеткен соң ғашық оты бойымды алып. 
Ойнайық азғана күн дәурен өтпей, 
Тұрғанда басыңыздан билік кетпей. 
Шығаршы жүректегі шын сырыңды, 
Жаутаңдап екі көзді мөлдіретпей. 
Талпынып қол сермедім ұшқан құсқа, 
Болса да жетер ме деп қолым қысқа. 
Көзге күйік көріндің, іш күйдірдің, 
Мейірімсіз отқа салдың, бұл дұрыс па? 
Бір өзіңнен басқаны қойдым жауып, 
Ұят па, ойнап күлу теңін тауып? 
Көрген соң жалғыз ғана ішің білер, 
Жау мұндалап жүрмессіз елге шауып. 
Ақ тұйғын талпынбай ма теңге қарай, 
Басын кессе, бара алмас кемге қарай. 
Дауасы сырқатымның жалғыз сенсің: 
Талпындым жаным үшін емге қарай. 



Әдеби KZ 
Қарайсың мөлдіретіп жәудір көзің
Шын айтсам, шыбын жаным сенің өзің. 
Елжіреп іші-бауырым ынтығып тұр, 
Тез естір мейірбанды жылы сөзің". 
Қамар хатты оқып болған соң бір қызарып, бір сұрланып, жүрегі кеудесіне сыймай, не ашу 
емес, не қуану емес, белгісіз қысыльш, қарап тұрып бір тынышсыздыққа қалды. 
Мұнан соң қайғы басқан кісі секілді әрдайым мұңайып, ойланып жүретін болды. Бұрын 
таңның атқанын, күннің батқанын білмейтін Қамар бір о жағына, бір бұ жағына аунақшып, 
көрер таңды көзімен атқызатын уақыттары да болып жүрді. Себебі: бір жағынан Ахметтей 
ақыл-ой, парасатты, тең жігіт табылмайтындығын ойлап, бір жағынан әке, ағаларының 
Ахметті кедейсініп бермейтіндігін ойлап, түпкілікті болмаған соң, құр біраз күнге 
әуреленіп қалудың ретін тағы таба алмай, жатып-тұрып сандала беруші еді. 
Бір күні қағаз алып, әлдене жазуға ойланса да: не хикмәт, қолы жүрмей жіпсіз байланған 
секілді бір түрлі мұңайған түспен қаламды бір сияға батырып, бір қағаз үстіне жорғалатып, 
бір ұшы-қиыры жоқ ұзын ойға батты да отырды. Бір жазып өшірді. Бір жазып жыртты. 
Қаламды қайтадан сия ішіне қойып, бір жақ қолымен жағын таянып, көзін сүзіп 
тұнжырады да қалды. Әрі ойлады, бері ойлады, уысына еш нәрсе түсіре алмады. Біраздан 
соң ауыр күрсінді де, қайтадан қаламын алып: 
"А, құдай, жасты жасқа пар қылғаның, 
Біреуді жоқ, біреуді бар қылғаның. 
Біреуге алтын, гауһар тахыт беріп, 
Астана жұрт билеген хан қылғаның


10 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет