Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет46/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Әдеби KZ 
Қазаққа мұнан былай жарық көрсет... Қанағат бер, құдайым-ай!..- деп, басын изеп қойып, 
ақырын айта алмай шаршап қалды. Ахмет естіген сайын өн бойы шымырлап, үзіліп кете 
жаздағандай болып, егіліп жылап отырып мынаны айтты: 
Кетіп ем күйік қылмай сенен қашып, 
Шыдамай, тағы келдім жаным ашып. 
Астында алты қырдың жүрсем-дағы, 
Өртедің іші-бауырымды қайран ғашық. 
Сені кім отқа салған шырылдатып, 
Қойыпты тамағыңды қырылдатып. 
Құтырған көк төбеттей арс-ұрс етіп, 
Бақсыны кім әкелген ырылдатып. 
Келіп ем көзі барда көрейін деп, 
Көрген соң күйігіңнен өлейін деп. 
Шыдамай бұл қорлыққа мен отырмын, 
Өзімді сенен бұрын көмейін деп. 
Артыңда не боламын тірі қалып? 
Барады ішім күйіп от боп жанып! 
Көрсеткен саған қорлық жауыздардан 
Кетермін, тым құрығанда, өшіңді алып...- 


82 
Әдеби KZ 
деген кезде, анау үйден Нұрым есікке қарай аптығып жүгіріп келді. Келді де Ахметке 
дүрсе қоя берді: 

Тұр, шықшы! Сүйреп шығарыңдаршы! Қарашы, мұның сығандығын, аярлығын... 
Дуаны қылып-қылып, сиқырлап, міне, бір кісіні өлтіріп отырсың, сөйтіп монтансығаның - 
мен сенен осының өшін алмай қоятын шығармын, сыбағаң сақтаулы. Өзің не істеп 
жүргеніңді білемісің? Бәлем, осы сен кімді басынып жүрсің? Байла итті ашаға! Орысқа 
апарып беремін!- деп. Сол-ақ екен жай отырған бақсы ұшып тұра келіп, жұлынып ала 
жөнелді: 

Дерттің иесі тіпті ерегісіп кетіп, міне, көрдің бе, дерт бұрынғысынан күшейіп 
болмасқа кеткен. Құдайдың құдіреті, жазылғанша кісі жуытпай қоя тұр деп едім. Бәрін 
қылып, сиқырлап жүрген мына залым сен екенсің ғой,- деп. 
Тағы тұрмады, "шық-шықтың" астына алып, бас жоқ, көз жоқ Ахметті жұлмалап, есікке 
қарай сүйрей бастады. 
Ахмет отырған жұртқа қарап: 

Ағатайлар, бір бес минеттей ғана пұрсат беріңіздер. Өзім де шыққалы отырмын. 
Тым болмаса біраз арыздасып, көңілімізді басалық,- деп жыламсырап, ғұзыр қылды, 
жалынды. 
Сол арада тағы Нұрымның: 

Арыздасатын мұның несі еді? Үр итті! Байла! Байла!- деген дауысы мен Қамардың: 

Жан достым, қайда кеттің? Менен қаштың ба? Көзіңнен жөнелт!- деген дауысы 
қатар естілді. 
Үйдегі кісілер Ахметке: 

Шырағым, бағанадан бергің де жетті. Шыға ғой, Нұрекеңнің ашуы басылсын,- деді. 


83 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет