Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет40/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47
Әдеби KZ 
бойына сіңісті болып бара жатса, мына жердегі Көңілбай бақсыға бірер оқытып 
жіберерсіздер; мұндай иелі уақ дертке тәуір дейтін. Бірақ оңаша қалдырмаңыздар
дәретсіз маңайына бармаңыздар, ерегісіп кетеді. Онан соң "Үйге кіргізбе кесепаты бар" 
деп, Нұрымның бір-екі жек көретін адамын көрсетті. Нұрымның қуанғандығынан 
шелектей танауы делдиіп кетіп: 

Жеті атадан тілеулес әруағыңнан айналайын, тақсыр, пірім-ай! Мұнда тағы бір-екі 
күн болыңыз,- деп үзір қылып жібермеді. Жат елдегі пәлен мырза барғанда, соны беріпті 
деген атақ болсын деп, олжаны ишекеңдерге ойдағыларынан екі есе артылдырып берді. 
Сонан біліңіз: жанындағы мүридтеріне дейін бір-бір ат, шапан кидіріп қайтарды. Ишанның 
Нұрымнан қашан босауын аңдысып тұрған қазақтар, ишанды қайдан еліне қайтарсын: 
қолдан-қолға түсірмей ала келіп жөнелді. Оның ішінде кітап аштыратыны бар, қақтырып-
соқтырып, үшкіртіп түкіретіні бар, төспі аламын, балалы боламын деп жүрген сопылар да 
бар,- не қылса да сол маңайдағы қазақтар: "Іздесең табылмайтын жарықтықтарды құдай 
қолға айдап кеп бергенде..." деп жүзі жүз түрлі мұқтаждықпен алды ат, айғыр, қошқар, 
арты теңге-тебен садақаларын, тым-ақ құштар болып тұр еді, қолдарына тиді. Онан соңғы 
есебін құдай өзі білмесе, пенденің аузы жеткізе алмас. 
Мұнан былай Қамардың жайы күн сайын төмендей берген соң, ишанның әлгі сілтеуі 
бойынша Көңілбай бақсыны алдырды. Ишанға қылған сый-құрметтерді оған да көрсетіп, 
айтқан лепесіне бәйек тұрып, Қамарды қолына тапсырды. 
Бақсы: 

Қамардікі үйірлі жын, қайда... бұл ауырысымен-ақ маған сезілген. Әуелгі 
жындарымды шақырып, әруақтарымды жинап, үш күндей ойнаймын. Жеті қуыршақ, жеті 
қара тікен, тұз, үш жылғы қара ту ешкінің сүйегімен көшіріп, жолға тастап зират 
айналдырамын. Тіпті жазылмай қалмайды. Дертінің иесі жеңілейіп бара жатса, жылайды, 
жалынады, сүйтті екен деп, зынһар, аяушы болмаңдар, бәрін қылдыратын жыны, аурудың 
иесі,- деді. Алдында ишанның умалауынан зәрезеп болып қалған сорлы Қамар бақсы 


71 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет