Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет100/179
Дата11.09.2023
өлшемі2,14 Mb.
#106904
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   179
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

 
Лектор сӛзі:
 
Педагог мамандығының ерекшеліктері 
Әрбір адамның белгілі мамандыққа иелігі оның іс-әрекеті мен 
ойлау бағыты ерекшелігінен кӛрінеді. Е.А.Климов ұсынған жіктеу 
бойынша, педагогикалық мамандықтың пәні басқа адам болып 
табылатын 
мамандықтар 
тобына 
жатқызылады. 
Бірақ 
педагогикалық мамандықты басқа мамандықтардан оның 
ӛкілдерінің ойлау бағыты, борыш пен жауапкершілігін сезіну 
арқылы анықтайды. Осы сипаттарына байланысты педагогикалық 
мамандықты ерекшелейді. Оның басқа «адам-адам» құрылымды 


219 
мамандықтардан айырмашылығы – ол ӛзгертушімен қатар, 
басқарушы сипатқа ие. Оның мақсаты тұлғаны қалыптастыру және 
ӛзгертумен қатар, педагог оның интеллектуалды, эмоционалды 
және дене даму процестерін басқаруы тиіс. 
Педагогикалық мамандықтың басты мазмұны – басқа 
адамдармен қарым-қатынасқа түсу. Оның басты міндеті – 
қоғамдық мақсатты түсіну және басқа адамдардың күш-жігерін 
сол мақсатқа қол жеткізуге бағыттау. 
Мұғалім мамандығында қарым-қатынас жасау іскерлігі кәсіби 
қажетті қасиет болып табылады.
Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның объектісі мен нәтижесінде. 
Объектісі – адам, ол жай адам емес, оның денелік мәні емес, дамып 
келе жатқан адамның рухани ішкі ӛмірі. Адам - табиғаттың 
қайталанбас құбылысы. Мұғалім мамандығының тағы бір 
ерекшілігі - оның балалармен әрдайым қатынаста болуы. 
Педагогикалық еңбектің құралдары да ерекше. Ол бірнеше 
компоненттерден құралады: еңбек (белгілі бір мақсатқа бағыттау 
әрекеті ретнде); еңбек құралы; еңбектің пәні. Педагогикалық еңбек 
жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуын қамтамасыз 
етеді. 
Педагогикалық еңбек - 
бұл мәдениетті меңгерген адам және 
мәдениетті меңгеруші адамның арасындағы ӛзара әрекет.
Мұғалім білім беруші ғана емес, ол жоғары құлықты тұлға. 
Оның бойында ар, намыс, мейірім деген сияқты қасиеттері болуы 
тиіс.Кез келген педагогтар оқушылар үшін де, ата-аналар үшін үлгі 
ӛнеге болуы тиіс. Ӛткен ғасырдың кӛрнекті ғалымы, философ, 
педагогы Джон Локк мұғалім ӛнегесі жайында былай деп жазған׃ 
«Оның жүріс-тұрысы ӛзінің сӛздерімен сәйкес келуі тиіс».
Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі – ол табиғатынан 
гуманистік, ұжымдық және шығармашылық сипатқа ие. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет