86
3-тарау.
Сақтар
3.5.
Тасмола археологиялық мәдениеті (1-сабақ)
Оқу мақсаты
5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау.
Тірек сөздер
"мұртты" оба
тізбек
Ресурстар
1. Марғұлан А.Х, Ақышев К.А., Қадырбаев М.К.,
Оразбаев А.М. Орталық Қазақстанның ежелгі мә-
дениеті. - Алматы, 1966.
2. Бейсенов А.З. Орталық Қазақстанның ерте
темір дәуіріндегі қоныстарды зерттеу – археологи-
яның жаңа бағыты. 2009.
Оқулық: Тасмола археологиялық мәдениеті,
86-87-бет.
Зерттеу сұрағы:
«мұртты» обалардың ерек-
шелігі неде?
Сабаққа дайындық
Бесшатыр, Берел, Шілікті, Есік қорғандарының
және «мұртты» оба суреттерін тақтаға іліп қойыңыз.
Сабақтың деректі материалдары
«Мұртты» обалар – ерте темір дәуірінің ескерт-
кіштері. "Мұртты" обалар қазақтың ұсақ шоқылы
аймағында таралған. Орталық Қазақстанның «мұрт-
ты» обалары Тасмола мәдениетіне жатады. Археолог
М.Қ. Қадырбаев Тасмола мәдениетінің хроноло-
гиялық мерзімін б.з.д. VII–III ғасырлар аралығына
жатқызады. «Мұртты» оба жерлеу кешендерінде
қолданылған негізгі құрылыс материалы – тастар.
Жерлеу құрылысы үш бөліктен тұрады. Олар: үлкен
қорған, кіші қорған және ұзын тас тізбектері. Үлкен
қорғанда мәйіт жерленеді. Кіші қорғандарда жылқы
қаңқалары мен ыдыс сынықтары жерленген. «Мұрт-
ты» обалардың үлкен және кіші түрлерінің орнала-
суына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Бірінші "мұрт-
ты" обадағы үлкен үйіндіге жақын, шығыс жағынан,
кіші оба салынған. Үлкен үйіндінің астына мәйіт
жерленген. Кіші үйіндіге қыш ыдыс пен жылқы жер-
ленген. Үйінділерден шығысқа қарай доға тәрізді
тас тізбектері қаланған. Екінші "мұртты" обада үлкен
үйінді солтүстікте, кіші үйінді оңтүстікте орналасқан.
Жерлеу ғұрыптары ұқсас. Үшінші түрінде үлкен үйін-
ді астында, кіші үйінді үстінде тұрғызылған. Төртінші-
де қыш құмыра мәйітпен бірге, жылқы шұңқыр сы-
ртында болғанымен бір үйінді астында жерленген.
Достарыңызбен бөлісу: