5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет153/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Жауаптары
Негізгі идея: Томирис – батыр адам. 
Томирис – ел басқарушы тұлға. Томирис – Отанын 
шексіз сүйетін патриот.
Бағалау мүмкіндіктері
Оқушылар "Оқиғаның жалғасын табыңдар"
тапсырмасын орындау барысында ашық және жа-
бық сұрақтардың түрлерін құрастырады. Сұрақ түр-
лерін ажырата алады. Осы сұрақтар негізінде оқиға-
ны болжап анықтайды. "Жұпта өзара пікірлесіңдер" 
тапсырмасында Кир әскерлерінің сақ жауынгерлерін 
алдап қолға түсіру мәселесін талқылайды. Жақтау 
және даттау көзқарасында дәйектер құрастырып
пікір таластырады. "Анықтаңдар" айдарындағы 
тапсырмада оқушылар деректі талдайды. "Жасап 
көріңдер" шығармашылық тапсырмасын оқушылар 
таңдауы бойынша орындайды. Томирис қасиетін 
жарнамалайды.
Қосымша тапсырма
Кейбір оқушыларды Томиристің балалық шағы, 
ол тәрбиеленген орта, батыр болып қалыптасуы 
мен өмірлік шыңдалу мектебі қызықтыруы мүмкін. 
Бұл туралы балаларға арналған қосымша энцикло-
педиялық әдебиеттерден оқи алады. А. Галиевтің 
« Томирис» кітабын оқуға ұсыныс жасаңыз. Кітаптағы 
ақпараттардан 3 слайдтық презентация дайындауға 
тапсырма беріңіз. Кейбір оқушылар Томирис тура-
лы түсірілген фильмдер туралы ақпарат жинақтай-
ды. Басқа оқушылар Томирис тақырыбына салынған 
суреттер көрмесін ұйымдастыра алады. Жинақтаған 
ақпараттарын келесі сабақта таныстырылым түрінде 
дайындай алады.


94
3-тарау.
Сақтар
3.7.
Шырақтың ерлігі (1-сабақ) 
Оқу мақсаты
5.3.2.1 Қазақстан аумағындағы ерте көшпелілердің 
халықаралық сахнадағы орнын анықтау.
Тірек сөздер
Бехистун жазбасы
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы I том. Алматы, 2010.
2. Ежелгі Қазақстан: Қазақстан балалар энци-
клопедиясы. 2007.
3. К. Аманжолов, А. Тасболатов. Қазақстанның 
әскери тарихы – Алматы: Білім, 1999.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет