5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет155/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертепелер
Сақ-парсы қарым-қатынасын деректер арқылы 
анықтау мен Дарийдің сақ жеріне бағыт-
талған жорығының себептерін түсіну. Сабақтың кон-
цептісі – "дәлел". Парсылардың сақтар жеріне жорық 
жасағандығының дәлелі ретінде оқушылар Бехистун 
жазбасын қарастырады. Алайда Дарий жазбасын-
да берілген дерекке оқушылар сын көзбен қарауы 
тиіс. "Сақтарды жаулап бағындырдым" деген парсы 
жазбасына қарсы Полиэннің "Дарий сақтарды то-
лық бағындыра алған жоқ" деген дерекке оқушылар 
талдау жасайды. "Қай мәлімет шындыққа жақын деп 
ойлайсыз?" деген сұрақты қоя отырып, оқушылардың 
өз пікірлерін дәйектеуге жағдай жасаңыз. Дегенмен, 
оқушылар "берілген екі деректің де тарихи оқиғаны 
қалпына келтіруде маңызы зор" деген қорытынды 
жасай алады. Карта маңызды ақпарат көзі екендігін 
ескертіңіз. "Картаны оқыңдар" тапсырмасын екі ке-
зеңмен орындатыңыз. Парсылардың сақтар жеріне 
жорық жасағанын картадағы шартты белгілерді пай-
далана отырып, анықтатыңыз. Оқушылар Дарийдің 
«патшалардың патшасы» деп аталу себебін картаға 
сүйеніп түсіндіреді. Парсылардың сақ жеріне жасаған 
жорығының кемінде екі себебін атай алады. Оқушы-
лар мәтіннен, картадан алған ақпараттар негізінде
қорытынды жасай алады. 
Ойланыңдар
Тапсырманы суреттер бойынша жүргізіңіз. Оқушы-
лар Бехистун жазбасы туралы дүниежүзі тарихынан 
алған білімдерін естеріне түсіреді. Сұрақтарды өзара 
жұпта талқылайды. Жұптардың жауаптарын тыңдап, 
тарихи нақтылығына, терминдердің дұрыс қолда-


3-тарау. 
Сақтар
95
нылуына назар аударыңыз. Бір жұптың жауабын 
тыңдағаннан кейін қалған жұптардың жауаптары-
на толықтырулар мен түзетулер жасауын сұраңыз. 
Оқушылардың неғұрлым дұрыс жауаптарға қол 
жеткізуіне мүмкіндік беріп, қорытынды жасатыңыз. 
Оқушылар өздігінен оқулықтағы мәтінді оқып, білім-
деріне жаңа ақпарат қосады.
Жауаптары. 
Суреттегі Бехистун жазбасын Пар-
сы патшасы І Дарий жартасқа жаздырған. Бехистун 
жазбасында дұшпандарын аяғына жығып тұрған 
І Дарий дің бейнесі бар. Суреттегі соңғы қатардағы 
тұтқын сақ көсемі болуы мүмкін. Шошақ бөрікті ти-
грахауд сақтарының баскиімдеріне ұқсайды. Сұрақтар: 
І Дарий Бехистун жазбасын жаздырғанда қандай 
мақсатты көздеді? Бехистун жазбасы – сақтар туралы 
мәлімет берген бірден-бір жазба дерек. Бірақ сақтарды 
бағындыруы екіталай. Патша өзін жазбада тым асыра 
дәріптеген.
Анықтаңдар 
Тапсырманы орындамас бұрын оқушыларға екі 
мәтінді оқуды ұсыныңыз. Бірінші мәтін – І Дарий 
патшаның Бехистун жазбасы. Оқушылардың біріне 
І Дарий дің рөлінде сөзін дауыстап оқуын сұраңыз. 
Екінші мәтін – Полиэннің жазбасы. Тапсырманы жұпта 
орындатып, жазбаларды өзара салыстыруын қадаға-
лаңыз. Қандай ұқсастықтары мен айырмашылықта-
ры бар екенін оқушылар анықтасын. Екінші мәтінді 
оқығаннан кейін оқушылардан көзқарастарының 
неліктен өзгергенін сұраңыз. Ең ұтымды дәйектерді 
ұсынған жауапты сынып алдында тыңдатыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет