4-тарау.
Үйсіндер мен қаңлылар
113
келген адамдар. Жергілікті саудагерлер осы тауар-
ларды тұрғындарға көп мөлшерде сатуы қажет. Олар:
мал терісінен жасалатын бұйымдар, жылқы малы, аң
терілері, ыдыс-аяқ. Ол үшін тауарды жарнамалай-
ды. Жарнама талаптары:
тауар сапасы, сипаттама-
сы, пайдасы. Ал басқа елден келген саудагерлер өз
елдерінен шыққан тауарларды
тиімді айырбастауы
тиіс. Бұл жерде оқушылардың шығармашылық түрде
тапсырманы орындауын бақылау қажет. Тақырыпты
терең меңгерген оқушылар бұл тапсырманы аса қы-
зығушылықпен орындайды.
Жасап көріңдер
Оқушы сабақ барысында алған білімдері негізінде
қаңлылардың қаласына ұқсас басқа қала суретін дай-
ындайды. Бұл тапсырманы оқушыларға үй жұмысы
ретінде де беруге болады.
Көк-Мардан қаласының
суретін үлгі ретінде ұсыныңыз. Оқушы өз жұмыста-
рын осы суретке негіздей отырып жасайды. Қаланың
ішкі құрылысында: көшелерді,
ауқатты және қара-
пайым адамдар тұратын үйлерді, базар алаңын көр-
сетуге болады. Жобаны көркемдеп, басқа да идеялар
енгізген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: