5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Оқу мақсаты 5.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің  құрылуын түсіндіру. Тірек сөздер



Pdf көрінісі
бет184/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Оқу мақсаты
5.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің 
құрылуын түсіндіру.
Тірек сөздер
хроника
этнос 
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге 
дейін. I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Жайнаков Е. Ұлы дала мемлекеттері. – Алма-
ты: Аруна, 2010.
3. Қайдар Ә.М. Қаңлы (тарихи шежіре). – Алма-
ты, 2004.
4. Мұхамедханұлы Н. Қаңлы мемлекеті және 
оның мәдениеті //Жұлдыз, 2000.
Оқулық: Қаңлылардың қоғамдық құрылысы,
114-115-бет.
Зерттеу сұрағы:
 
Сыма Цянь қаңлы қоғамын 
қалай сипаттады?
Сабаққа дайындық
Каңлы мемлекеті белгіленген карта. 
Сабақтың деректі материалдары
Қытайдың жылнамалық жинақтарының ішіндегі 
ең көнесі – Сыма Цянь жазған «Ши цзи (Тарихи жаз-
балар). Бұл еңбектегі "Хұндар" және "Давань-Ферға-
на" тарауларында Қытайдың солтүстік батысын алып 
жатқан Хұн империясы мен Орталық Азияда өмір 
сүріп жатқан елдер жөнінде құнды ақпарат берілген. 
Б.з.д. І ғасырда қаңлылардың шығыстағы шегара-
сына үйсіндер қысым жасады. Сол кезеңде үйсіндер-
ге де, Қытайға да қарсы тұратын күшпен бірігу қажет 
болды. Қаңлы билеушісі ғұн әміршісі Чжи Чжиге қы-
зын ұзатып, өз иеліктерінің шығыс шептеріндегі жер-
лерді бөліп береді. Алайда, олар қанша күш біріктірсе 
де үйсіндерді біржолата жеңе алмады. Қаңлы шарт-
тарын Чжи Чжи орындай алмағандықтан, ғұн және 
қаңлы билеушілерінің арасында қақтығыс орын 
алды. Нәтижесінде Чжи Чжи қаңлы билеушісінің қы-
зын, атақты адамдарын және жүздеген қарапайым 
адамдарды өлтірді. 
ІІІ–V ғасырлардағы қытай деректемелерінде ай-
тылғандай, қаңлылар кейіннен Орта Азиядағы, Арал 
өңіріндегі иеліктеріне үстемдік етуінен айырылып
бірқатар тәуелсіз иеліктерге бөлініп кетеді. V ғасыр-
да ол император сарайына елшілік жіберген елдер 
тізімінде ғана белгілі болды. 
Біздің заманымыздағы І мыңжылдықтың орта 
шенінен бастап Ортаңғы және Төменгі Сырдария 
ауданындағы этникалық-саяси жағдай өзгерді. Оған 
түркі тілдес тайпалар басып кіреді. Қытай тарихнама-
сындағы бір деректе қаңлы тұрғындарын сипаттаған-
да оның мәдениетінің көшпелі сипатына баса назар 
аударып, "көшпелі иелік" деп атаса, енді бір жерде 
қаңлы халқы балшықтан соққан қорған ішінде тұра-
тындығы сипатталған. 
(e-history.kz сайтындағы материалдарға сүйеніп 
құрастырылған ақпарат.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет