Бағалау мүмкіндіктері Оқу мақсатына қол жеткізу үшін оқушылардың
алған білімі мен дағдыларын тиісті түрде бағалау
қажет. Ол үшін кейбір тапсырмаларды оқушы қа-
білетіне қарай түрлендіріп, қалыптастырушы баға-
лауға болады. «Тұрғын үйді сипаттаңдар» тапсыр-
масында арнайы бағалау критерийлерін ұсынған
жөн.Тапсырманы мынадай критерийлер бойынша
бағалай аласыз:
1. Тұрғын үйдің жалпы көлеміне, құрылысына сипат-
тама береді.
2. Үй ішіндегі қолөнер бұйымдарын анықтап, сипат-
тады.
3. Ұсынылған суреттегі тұрғын үйде қандай әлеуметтік
топтар тұратынын анықтайды;
4. Басқа да тайпалардың баспаналарымен салысты-
рады. «Менің баспалдағым» кері байланыс парағын
сабақтың келген тақырыбында оқу мақсатын сатылай
жаза отырып қолдануға болады. Мұндай кері байла-
ныс оқушының оқу мақсаттарын қаншалықты мең-
гергенін және қай оқушымен қосымша жұмыс жасау
керектігін анықтауға көмектеседі. Тек оқушы акаде-
миялық тұрғыдан әділ болуы керек.
Қосымша тапсырма Оқушылар қаңлы қалалары, олардың тұрғын үй-
леріне қатысты ақпараттармен танысты. Ендігі кезек-
те оқушылар қаңлы тұрғын үйін басқа тайпалардың
баспаналарымен салыстыра алады. Олардың ерек-
шеліктерін сипаттайды. Мысалы, қола дәуіріндегі
жертөлемен салыстырады. Тапсырманы үй жұмысы
ретінде беруге болады.
Оқушылар тақырыпты қорытындылайды. Қаңлы
қала мәдениетінің дамуына көз жеткізгеннен кейін,
дамуға түрткі болған жағдайлар мен оқиғаларды бес
тірек сөз арқылы ұсына алады. Оқушы мүмкіндігінше
өз ойына толық қорытынды жасауына болады.
Жауаптары. Жібек жолы, одақтасу, айырбас,
тұрғын үй, қолөнер.
114
4-тарау.
Үйсіндер мен қаңлылар 4.3. Қаңлылардың қоғамдық құрылысы (1-сабақ)