5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет191/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Үйсіндер мен қаңлылар
4.4.
Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық
және рухани мәдениеті (1-сабақ)
Оқу мақсаты
5.2.2.3 ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер 
ерекшеліктерін сипаттау. 
Тірек сөздер
тәті
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге 
дейін. I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Қайдар Ә.М. Қаңлы (тарихи шежіре). – Алма-
ты, 2004.
3. Мұхамедханұлы Н. Қаңлы мемлекеті және 
оның мәдениеті //Жұлдыз, 2000.
4. Мыңжан Нығымет. Қазақтың көне тарихы. – 
Алматы, 1993.
Оқулық: Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті, 
118-119-бет.
Зерттеу сұрағы:
үйсіндер мен қаңлылар мә-
дениетінің ерекшеліктері қандай?
Сабаққа дайындық
Үйсіндер мен қаңлылардың мәдениетіне қатысты 
түрлі суреттерді сынып қабырғаларына іліп қойыңыз. 
Суреттер: қыш ыдыстар, алтын тәті, шөккен түйе бей-
нелі жүзік, қола қазандар, темір пышақ пен жебенің 
ұштары, қола айна, құмыра, әшекейлер, қыш ыдыс-
тар, моншақтар т.б. Сыныптағы топтарға ермексаз
түрлі түсті қағаздар, маркер, ватман беріледі.
Сабақтың деректі материалдары
Үйсін тайпаларының жерлеу ескерткіштері екі түрде
болады: үйілгeн oбaлaр жәнe жaлпaқ қоршау түрін-
дегі құрылыстар. Шығыс Жетісуда орын алған ескерт-
кіштер: Қaлқaн-1, Бeсшaтыр-4, Aқшoқы-3, Aқтaс- 
ты-5 т.б. Үйінді обалар түріндегі ескерткіштер үйсін-
дeрдің жeрлeу құрылыстaрын сипаттап, зират төңірe-
гіндeгі мaтeриaлдaн үйілгeн. Oбaлaр жaзық дaлaдa 
орын алса – тoпырaқтaн, ал өзен аңғарында болса – 
сары топырақтан, ал тaу етектеріндегісі тaс араласты-
рылған тoпырaқтaн тұрғызылғaн. Үйінділeрдің көлeмі 
әртүрлі, жeрлeу жaбдықтaрының бaйлығы мен жер-
ленген адамның беделіне байланысты болып келеді. 
Қазір Оңтүстік Қазақстан аймағында орналасқан
көптеген қалалар мен ауылдардың түп-тамыры сонау 
қаңлы дәуірінде пайда болған қоныстарға тіреледі. 
Б.з.д. І мыңжылдықтың ортасы – б.з. І мыңжылдықтың 
ортасына дейін Аралдың шығыс өңірінде ерекшелігі 
бар Жетіасар мәдениеті өркендеген. Сол кездегі Оты-
рар-Қаратау, Жетіасар мәдениеттеріне жататын басқа 
зираттардағы сияқты, қайтыс болған адамдар киім-
дерімен, жеке пайдаланатын заттарымен қоса жер-
ленген. Қабірлерге қыш ыдыстар бірге салынған. Ер 
адамдардаң қабірінен қару-жарақтар, ал әйелдердің 
қабірінен көбінесе әшекей заттар табылды.
(Ақпарат e-history.kz сайтындағы мәліметтер не-
гізінде даярланған.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет