5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Жауаптары Ұқсастықтары мен айырмашылықтары



Pdf көрінісі
бет193/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Жауаптары
Ұқсастықтары мен айырмашылықтары. 
1. Қыш құмыра жасау әдісі.
2. Металл өңдеу.
3. Үйсіндерде алтыннан сақиналар мен қаптырма-
лар жасау кең орын алған.
4. Үйсін тайпаларында перуза секілді асыл тастар-
дан моншақ жасалған.
5. Қаңлыларда металлургия орталықтары болды.
Жасап көріңдер
Оқушылар ермексазды алып, құм толтырған ма-
таны қалыпқа салып, құмыраны қолмен жапсырып 
салады. Сол арқылы тайпалардың қыш құмыраларды 
жасау әдісімен танысады. Бұл тапсырмада уақытты 
шектемеңіз. Сыныпта жасап үлгермеген оқушылар 
жұмысты үй тапсырмасы ретінде алуына болады. 
Қыш құмыра жасаудың күрделі екендігіне көз жет-
кізген оқушы, ыдысты тек құмырашы жасаған кезде 
жақсы дайындалатынын түсінеді. Ыдысты кез келген 
адам жасай алмайтынын анықтайды.
Байланысын табыңдар 
Ежелгі тайпалардың мал шаруашылығынан басқа 
кәсіптерін мәтін арқылы анықтатыңыз. Алдымен, 
оқушыларды топтарға бөліп алған тиімді. Топқа 
мәтінді оқуға жетелейтін үш сұрағы бар кеспеқағаз 
таратылады. Оқушылар әрқайсысы өз тобымен осы 
сұрақтардың жауабын қалай түсіндіру керектігін 
ақылдасады, жоспар жасайды. Түсіндірудің тиімді 
жолын қарастырады. Дәл осындай әдіспен топтар 
бір-бірінің білімін толықтыра алады. Тапсырманы 
орындау үшін топ мүшелері, алдымен, кесте дайын-
дайды. Мұнда қазіргі кездегі кәсіптер де сипатталады. 
Мұғалімнің кәсіптің белгілі бір түрін айтқаны жөн. 
Жауаптары. 
Оқушылар тері илеу, қыш ыдыстар 
жасау кәсібінің орын алатынын айтады. Алайда қазір-
гі таңда үлкен өзгеріске ұшырағанын сипаттайды. Осы 
арқылы қазіргі кәсіптердің сонау ерте кезеңде бастау 
алғандығына көз жеткізеді.
Бағалау мүмкіндіктері
Тақырыпты меңгеру кезінде оқушының қандай 
нәтижеге қол жеткізгенін арнайы қалыптастырушы 
бағалау арқылы анықтаймыз. Оқушының негізгі 
ой-тұжырымы топтық жұмыс барысында қалыптаса-
тындықтан, оған өзін-өзі бағалау тәсілін ұсынуға бо-
лады.
«Қазіргімен байланысын табыңдар» тапсырма-
сында оқушылардан үйсін және қаңлы тайпаларын-
да орын алған кәсіптерді ажыратуды сұраңыз. Сол 
арқылы қазіргі кәсіппен байланысын, өзгеріске ұшы-
рау себептерін оңай анықтайды. Оқушының еркін 
ойлауына мүмкіндік беріңіз. Олар шығармашылық 
тұрғыда ойлау барысында түрлі кәсіптердің арғы та-
рихын қарастыра алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет