5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет196/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер 
Бүгінгі сабақтағы ақпарат арқылы оқушылар үйсін-
дер мен қаңлылардың мәдени жетістіктері мен ерек-
шеліктерін анықтайды. 
Оқушылар келмей тұрып, сынып бөлмесінің қабыр- 
ғаларына, тақтаға мақала, сурет, өлең, карта, қысқа 
оқиға және т.б. жабыстыруы керек. Оқушыларға 
жаңа тақырып бойынша тапсырмалар беру қажет. 
Олар бар нәрселерді пайдаланып, жауап береді. 
Мәтінмен жұмыс жасау үшін диктоглосс әдісін қол-
дануға болады. Диктоглосс шарты: мұғалім мәтінді 
екі рет мәнерлеп оқиды, оқушылар тірек сөздер мен 
идеяларды жазып отырады. Содан кейін топтар бірі-
гіп, мәтін құрастырады.
Жырды талдаңдар
Бұл тапсырма қаңлы бишілеріне арналған
жырға байланысты. Ол үшін оқушыларды жұптарға 
бөліңіз. Кейін әрбір жұпқа өлеңді таратыңыз. Жұп-
тар өлеңді өзара талдап, мағынасын түсінуге тыры-
сады. Алдымен сұраққа жауап беру үшін әрбір жұп 


4-тарау.
Үйсіндер мен қаңлылар
121
өзара ақылдаса отырып, екі-үш сипаттама келтіреді. 
Мұғалім ең көп таралған сипаттаманы анықтайды. 
Тапсырманы саралауға мүмкіндік бар:
1. Жырды оқып болғаннан кейін, қаңлы тайпасы-
ның өнеріне 2-3 сипаттама келтіреді.
2. Қаңлы биінің ерекшелігіне талдау жасайды.
3. Қытай императорының қаңлы өнерпаздарын өз 
елдеріне шақыру себебін анықтайды.
Жауаптары. 
Екі-үш сипаттаманың басым бөлігі: 
оңға-солға билейді, құйындай құйғытып, күймен 
жарысады. Оқушы берген сұрағына нақты жауап 
талап ету қажет емес. Бір топ оқушылар: "Олардан 
басқа өнерпаздар болмады" – деп жауап қайырса, 
енді бірі: "Сол кезеңдегі ең өнерлі бишілер қаңлы-
лардан шықты" – деп айтуы мүмкін.
Әңгіме құрастырыңдар 
Тапсырманы орындау үшін оқушыларды 2 топқа 
бөліңіз. Топтың жетекшісі сайлануы керек. Әрбір 
топқа қаңлы мәдениетінің үлгілері көрсетілген су-
реттерді таратыңыз. Топ мүшелері өзара талқылап, 
суреттерге сипаттама береді. Кейін қаңлы мәдениеті 
туралы жазылған ақпаратты таратыңыз. Топ жетекшісі 
топ ішіндегі үш оқушыға қаңлы тайпаларының мате-
риалдық мәдениетіне сипаттама жасауын тапсырады. 
Ал басқа 3 оқушы рухани мәдениетіне сипаттама жа-
сайды. Кейін топтың барлық мүшелері өз мәлімет-
терін сәйкестендіріп, өзара ұқсастықты анықтайды. 
Топ жетекшісі ортақ қорытынды жасағаннан кейін 
сыныптың қалған топтарымен пікір алмасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет