5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет20/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

 
Жауаптары
Таңертең ауа райын болжайды, бү-
гін не істеу керек, отқа қақталған етпен, теріп алып 
келген жемістермен тамақтанды, руластарымен, 
інісімен аңға шығуды жоспарлады, кешке қарай от 
жағып, үңгірді жылытты, туыстарымен көрген-біл-
гендерін айтып, әңгімелесті және т.б.
Бағалау мүмкіндіктері
Оқушылардың алғашқы адамның атынан "Менің 
бір күнім" тақырыбында жазылған күнделігі бағала-
нады. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушы-
лар сұрақтарға жауап беріп, алған ақпараттар не-
гізінде білімдері мен дағдыларын көрсетеді. 
Қосымша тапсырма
Сынып оқушыларын топқа бөліп, алғашқы 
адамдарда қандай қабілеттер болғандығы тура-
лы сұраңыз. "Енді осы қабілеттердің қайсысы бізде 
бар?" деген сұрақты талқылауға тағы 2 минут уақыт 
беріңіз. "Бізде алғашқы адамдарда жоқ қандай қа-
білеттер бар?" деген сұраққа топта 2 минут талқылау 
жасауды сұраңыз. Осы тапсырманы аяқтау үшін олар 
мәтін жазады. Тас дәуірінен қазіргі уақытқа дейін не 
өзгергені туралы мәтінді оқушылар жеке-жеке жаза-
ды. Кемінде 5-6 сөйлем жазуды сұраңыз. Бұл тапсыр- 
маны саралап өткізуге болады. Кейбір оқушылар 5-6 
сөйлем жазып, өзгерістердің маңызына мән береді. 
Оқушылардың бір бөлігі өз қорытындысын 2-3 сөй-
леммен ұсынуы мүмкін.
Сабақтың басында тас дәуірінің тұрақтарын кескін 
картаға түсіріп, осы тұрақтардан табылған артефак-
тілер туралы ақпарат тауып келуге тапсырма беруге 
болады. Бұл қосымша тапсырма келесі тақырыпты 
жалғастыруға қажет болады.


16
1-тарау.
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
1.2.
Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің
тұрақтары (1-сабақ) 
Оқу мақсаты
5.2.3.1 қазақстандық ғалымдардың археология-
лық жаңалықтарын білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет