Тірек сөздер артефакт
тұрақ
Ресурстар 1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін.
I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Байпақов Қ.М., Таймағамбетов Ж.Қ. Қазақстан
ар хеологиясы. – Алматы, 2009.
Оқулық: Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің тұрақтары, 16-17-бет.
Зерттеу сұрағы: археологтар Қазақстан
жерінен тас дәуіріне жататын қандай олжаларды
тапты?
Сабаққа дайындық • Сабаққа дейін 4 топқа 2 стикерден дайындап
қойыңыз.
• Сыныптағы барлық оқушыларға тас шапқы-
ның, найзаның тастан үшкірленген ұшы, ағаш сапқа
бекітілген тас балта суреттері жеке-жеке желімдел-
ген кеспеқағаздар дайындап қойыңыз.
Сабақтың деректі материалдары Жер бетіндегі ең алғашқы адамдардың өмірі жай-
лы ақпараттың негізгі көзі – археологтардың зерттеуі.
Адамзаттың тарихына шамамен 2,6 млн жыл болған-
дықтан, ежелгі адамдардың заттары және қанқа
сүйектері арқылы ғана олардың тұрпаты, тұрмысы,
кәсібі, тұтынған тағамдары, киімі туралы ақпарат
аламыз. Археология ғылымы әлемнің түкпір-түкпірі-
нен тарихи маңыздылығы жоғары жаңалықтарды
ашқан болатын. Ежелгі Месопатамия, Египет, темір
дәуіріндегі Еуразия даласын мекендеген тұрғындар-
дың мәдениетіндегі ерекшеліктердің ашылуы – ар-
хеологтар еңбегінің жемісі.
Қазақстандағы тас дәуірін зерттеу күрделі және
кешенді жұмысты талап етеді. Бұл дәуірді зерттеудің
өз ерекшеліктері бар. Жазу әлі болмағандықтан, қаз-
ба жұмысы нәтижесінде табылған олжаларға сүй-
еніп, ежелгі адамдардың өмірі туралы ақпараттар
аламыз. Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы тас
дәуірі тұрақтарын зерттеген археологтардың олжа-
лары көбіне тастан жасалған еңбек құралдары бо-
лып отыр. Бұл еңбек құралдарының жасалу техни-
касы мен қолданылуы да бір-бірінен ерекшеленеді.
Археологияда көне олжалардың жасын анықтаудың
бірнеше әдіс- тері бар. Соның бірі – геологиялық әдіс
бойынша археологиялық олжаның жасы топырақ
қабатына қарай есептеліп, шығарылады. Ғылымның
дамуымен бірге артефактілердің жасын анықтау
тәсілі дамып келеді. Көміртектік әдіс – солардың бірі.
Осы туралы көбірек ақпаратты К.М. Байпақов пен
Ж.Қ. Таймағамбетовтың "Қазақстан археологиясы"
атты еңбегінен алуға болады.