Сабақтың деректі материалдары Жер шарының тарихында бірнеше рет мұз басу-
лар болған. Соңғы мұз басу шамамен бұдан бұрынғы
100 мыңнан 13 мың жылға дейінгі кезең аралығында
орын алды. Жердің солтүстік жартышарында алып
мұздық пайда болды, оның қалыңдығы 2 киломе-
трге жетті. Бұл кезеңді
мұз басу дәуірі деп атайды.
Геология, география, биология, тарих саласының
ғалымдары бірлесе зерттеп, оның нақты уақытын
анықтады. Мұз басу солтүстік жартышарды 50 ен-
дікке дейін қамтыған. Бұл кезеңде өмір сүрген неан-
дертальдықтар тірі қалу жолындағы күресте жылы
баспана салып, жылы киім киіп, қару-жарақтары мен
өмір сүру дағдысын табиғи өзгерістерге қарай бейім-
деп, өзгертті.
Мұз басу дәуірінен кейінгі табиғаттағы өзгерістер,
мұздың еруі мезолит дәуіріне сәйкес келеді. Мамонт,
мүйізтұмсық сияқты ірі аңдар жойылып, ұсақ аңдар
мен құстар түрі көбейді. Қазақстанда өте жақсы зерт-
телген мезолит тұрақтары аз. Олар 20-дан асады. Се-
бебі, мезолитте адамдар аңдардың үнемі жайылым
ауыстыруына байланысты олардың соңдарынан
көшіп отырған. Мезолитте еңбек құралдары өзгерді.
Ұсақ аңдар мен құстарды аулау үшін еңбек құрал-
дарын өзгерту қажеттілігі туды. Бұл кезең адамдары
микролит, садақ пен жебе, қайла, үшкір тас бекітілген
тесе, қайықты ойлап тапты.
Сабаққа қатысты ескертпелер Бұл сабақтың мақсаты – оқушылар мұз басу
дәуірінде адамдардың еңбек құралдарын, баспана-
ларын, киімдерін табиғи өзгерістерге орай бейімде-
генін біліп, адам өміріндегі өзгерістерді түсіне білуі.
Оқушылар сабақ барысында орындалатын іс-әрекет-
тер арқылы адамдардың өмірінің өзгеруіне әсер ет-
кен негізгі фактор "табиғаттағы өзгерістер" болғанын,
өзгерістердің ауқымдылығын, жер бетінің барлық ай-
мағында орын алғанын түсінеді.
Археологтар тапқан мезолит дәуірінің еңбек құрал-
дарының алдыңғы тақырыпта көрсетілген палеолит
дәуірінің еңбек құралдарына қарағанда жетілгенін
сипаттай алады. Сабақтың негізгі концептісі – "өз-
геріс пен сабақтастық". Сабақ барысында оқушылар
екі дәуір арасындағы еңбек құралдары мен қару-жа-
рақтарында, баспана, киім-кешектерінде болған өз-
герістерді түсіндіреді.