14
1-тарау.
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
1.1.
Алғашқы адамдардың өмірі (3-сабақ)
Оқу мақсаты
5.1.2.1 алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін
шығармашылық түрде көрсету.
Тірек сөздер
терімшілік
аңшылық
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дей-
ін. І том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Жанайдаров О. К. Көркемсуретті Қазақстан та-
рихы. І том. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2006.
Оқулық: Алғашқы адамдардың өмірі,
14-15-бет.
Зерттеу сұрағы:
алғашқы адамдар қалай
өмір сүрді?
Сабаққа дайындық
Сабаққа дейін стикерлер, Ежелгі Қазақстан та-
рихына арналған атлас, алғашқы адамның атынан
"Менің бір күнім" тақырыбында күнделік жазу үшін
жазылымға қажетті сөз тіркестерін дайындап қою
қажет. Дайындалған сөз тіркестері осыған дейін
алған ақпараттарды жинақтап, алғашқы адамдар-
дың өміріндегі маңызды оқиғаларды қамтуы тиіс.
Күнделікте жазылатын сөз тіркестерінің үлгілері
мынадай:
• Мен таңертең ұйқыдан тұрып, жасайтыным ... .
• Менің қарным аш, сондықтан ... .
• Қазір аңға шығатын уақыт болғандықтан, ...
• Күн батып бара жатқандықтан, ... .
Достарыңызбен бөлісу: