5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Оқулық: Ғұндардың Батысқа қоныс аударуы



Pdf көрінісі
бет220/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Оқулық: Ғұндардың Батысқа қоныс аударуы,
136-137-бет.
Зерттеу сұрағы:
ғұндардың Батысқа қоныс-
тануы қандай өзгерістерге әкелді? 
Сабаққа дайындық
Ғұндардың батысқа жылжуын көрсететін карта 
(онда ғұндарға дейінгі Қазақстанда орналасқан тай-
палардың аумағы да көрсетілуі керек), кескін карта, 
аңыз мәтіні.
Сабаққа қатысты ескертпелер
Бұл сабақтың концептісі – "өзгеріс және сабақ тас-
тық". Сондықтан оқушылар бұл сабақта ғұндардың 
қоныс аударуының Қазақстан аумағындағы тайпа-
ларға және батысқа әкелген өзгерістерін анықтайды. 
Яғни, ғұндардың Қазақстан аумағы арқылы батысқа 
жылжуының этникалық құрамға, саяси картаға, саяси 
жағдайға, тілге, антропологияға тигізген өзгерістерін
анықтайды. Сабақ барысында "Ақ бұғы туралы" аңыз-
ды оқып немесе әңгімелеп беріңіз.
Сабақтың деректі материалдары 
Ғұндардың Қазақстан жеріне қоныс аударуының 
екінші толқыны б.з. 93 жылы басталды. Олар 
батысқа қарай жылжи отырып, жолда кездескен 
тайпалардың бірін күшпен бағындырса, ал енді 
бірін бейбіт жолмен қосты. ІІ ғасырда Арал 
бойына, Орталық және Батыс Қазақстанға дейін 
жетеді. Ғұндардың батысқа қарай жылжуы басқа 
тайпалардың қоныс аударуына себеп болды. IV 
ғасырда ғұндар басқа да көшпелі тайпалармен 
қосылып, оңтүстік орыс далалары арқылы Дунайға 
және одан әрі Шығыс және Орталық Еуропа елдеріне 
дейін барады. Ғұндар Аттиланың басшылығымен 
Еуропа елдеріне жорықтар жасап, қалаларды 
қырғынға ұшыратты. Рим империясын құлатқан 
халықтардың Ұлы қоныс аударуының басталуына 
негіз болды. Халықтардың ұлы қоныс аударуы 
Қазақстанның, Орта Азияның және Алдыңғы 
Азияның, сондай-ақ Еуропаның этникалық және 
саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. І ғасырда 
ғұндардың Қазақстан аумағы арқылы батысқа 
жылжуы 300 жылдан астам уақытқа созылды. 
Ғұндардың қоныс аударуы – Қазақстан аума-
ғындағы халықтарға үлкен өзгерістер әкелді. Олар 
үйсін, қаңлы, аландармен тығыз қарым-қатынас 
жасады. Талас маңынан табылған археологиялық 
жәдігерлер ғұндардың Жетісудың тұрғылықты 
халқымен тығыз араласқанын дәлелдейді. Нәтиже-
сінде жергілікті халықтардың түркіленуі басталды. 
Қазақстан аумағындағы жергілікті халықтардың бет-
пішінінде моңғолоидтық белгілер көбейіп, еуро-
пеоидтік-моңғолоидтық негізді нәсілдік тұрпаттың 
қалыптасуы басталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет