5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет217/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақтың мақсаты ғұндардың қоныс аудару се-
бептерін анықтау болып табылады. Осы себептерді 
анықтағаннан кейін оқушылар ғұндардың батысқа 
не үшін жылжығанын түсінеді. Оқушылар жаңа 
тақырыпты меңгеру барысында өз ойларын ортаға 
салады, басқалардың пікірлерін тыңдайды. 
Сабақтың басында қазіргі кездегі миграция тура-
лы суреттерді көрсете отырып, оқушыларға: "Қоныс 
аудару немесе миграция деген не? Қазіргі кезде бұл 
үдеріс кездесе ме? Адамдар неге қоныс аударады?" 
деген сұрақтар қойыңыз. Оқушылардың болжам жа-
уаптарын тыңдап болғаннан кейін, «қоныс аудару» 
ұғымының анықтамасын ұсынып, жаңа тақырып қо-
ныс аудару туралы болатынын айтып өтіңіз.


5-тарау. 
Ғұндар
135
Себептерін анықтаңдар
Оқушыларға «Ғұндардың батысқа қоныс аударуы» 
деген мәтінді оқып-танысуға уақыт беріңіз. Оқушы-
лар солтүстік ғұндардың батысқа жылжуының себеп-
терін анықтайды және дәптерге жазады. Осы мәтін-
дегі "ішкі тартыс", "сыртқы қысым", "құрғақшылық" 
ұғымдарына назар аудартыңыз.
Ұсынылған маңыздылық кестесін таратыңыз. Бұ-
дан соң маңыздылық кестесіндегі анықталған се-
бептерді рет-ретімен нөмірлеуді ұйымдастырыңыз. 
Яғни, оқушылар "ғұндардың батысқа жылжуына әсер 
етті" деп анықталған себептерді маңыздылығына қа-
рай нөмірлейді. 
1. Оқушылар ойлана отырып, себептердің жанына 
1-ден 5-ке дейінгі нөмірлерді қояды. 
2. Оқушылар жұппен талқылай отырып, себеп-
тердің жанына 1-ден 5-ке дейінгі нөмірлер қояды.
3. Оқушылар топпен талқылай отырып, себептерді 
орналастырады. Топ мүшелерінің барлығының пікір-
лері ескеріліп, ортақ пікір қалыптасуы қажет.
4. Сыныппен талқылап нөмірлейді. Әр топ өз пікір-
лерін дәлелдеп, пікір алмасып, ортақ шешімге келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет