5-тарау.
Ғұндар
137
аударуы Қазақстан аумағындағы тайпалардың орна-
ласуына әсер еткенін, олардың да батысқа жылжуға
мәжбүр болғанын түсінеді.
Жауаптары
Алтай, Сарыарқа, Тарбағатай, Орталық Қазақстан,
Сырдария, Арал, Каспий аймақтарын қамты-
ды. Жергілікті тайпалар да ғұндардың қысымымен
шығыстан батысқа жылжыды.
Анықтаңдар
Оқушыларға
«Ғұндар қандай өзгерістер әкелді?»
мәтінімен танысуға уақыт беріңіз. Оқушылар жұппен
ғұндардың қоныс аударуы нәтижесінде өзгеріске
ұшыраған тайпаларды атайды. Бұдан соң ғұндар-
дың Қазақстан аумағына қоныс аудару үдерісі
әкелген кем дегенде 3 өзгерісті жеке анықтап, дәп-
терлеріне жазады. Өздері тапқан негізгі өзгерістің
астын сызады, өз пікірлерін дәлелдейді.
Жауаптары.
Ғұндардың батысқа жылжуы саяси
картаға, тұрпаттық, тілдік өзгерістерге әкелді. Осы
үш өзгерістің негізгісі – тұрпаттық өзгерістер.
Бұдан соң қабырғаларға үш түрлі пікір жазылған
қағаздар орналастырыңыз.
Ғұндардың Қазақстан аумағына қоныс аударуы
жергілікті тайпалардың:
– дамуын бәсеңдетті.
– дамуын бәсеңдетпеді.
– екеуі де мүмкін.
Өздері келісетін пікір жазылған қабырғаға баруды
сұраңыз.
Бұдан соң пікірлестер топтарынан өз көзқараста-
рын дәлелдейтін тұжырымдарды талқылап, дәлел-
дердің тізімін жасауды сұраңыз. Бұдан соң әрбір топ-
тан спикерлер шығып, өз көзқарастарын белгіленген
уақыт ішінде дәлелдейді. Спикер сөйлеп болғаннан
кейін қарсы жақтар сұрақтар қоюына болады. Қой-
ылған сұрақтарға жауапты барлық топ мүшелері
береді. Пікірталаста жеңілгендер болмайды, бәрі де
ұтыста болады.
Оқушыларға Мағжан Жұмабаевтың «Пайғамбар»
өлеңінен үзінді жолдарын слайд арқылы көрсетіңіз
немесе оқып беріңіз.
"Ерте күнде отты күннен мен туған,
Отты ғұннан от боп ойнап мен туғам.
Жүзімді де, қысық қара көзімді,
Туа сала жалынменен мен жуғам".
Содан кейін мынадай сұрақтарды қойыңыз.
1. Өлең жолдарының негізгі идеясы қандай?
2. Өлеңнің екінші жолында автор қандай ойды біл-
діргісі келеді?
Оқушылар ғұндар – қазақ халқының арғы ата-ба-
балары екенін түсінуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: