5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Оқулық: Аттила және оның жаулаушылық жорықтары



Pdf көрінісі
бет223/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Оқулық: Аттила және оның жаулаушылық жорықтары
138-139-бет.
Зерттеу сұрағы:
 
ежелгі авторлар Аттилаға 
қандай баға береді?
Сабаққа дайындық
Аттила империясын анық көрсететін карта дайын-
даңыз. Ғұн империясы туралы авторлардың қосымша 
деректерін дайындауға болады.
Сабақтың деректі материалдары
Еуропа тарихында Аттиланың есімі аса танымал. 
Кейбір деректер бойынша ол Еділ өзенінің жағасын-
да дүниеге келген. Қазақ аңыздарында оны Еділ пат-
ша деп атаған. Аттила туралы авторлардың деректері 
өте көп. Ол Еуропада ғұн империясын құрды. Көп-
теген елдер мен қалаларды бағындырып, өз билігін 
мойындатты. Империяларды бітімшарттар жасасуға 
мәжбүрлеп, өз шарттарын орындатты. 
Аттила жеңістерінің кепілі – ғұндардың әскери 
өнері болды. Шайқасты арнайы жасалған мықты са-
дақ пен ұшы өткір жебе арқылы алыстан жүргізді. 
Ғұндар қоян-қолтық шайқаста семсермен шебер 
соғысты. Жаулары қашқан кезде олардың құтылуы-
на мүмкіндік бермес үшін, ғұндар арқан мен тұзақ 
қолданды. Олардың шайқасу ерекшеліктері туралы 
кейбір деректерде: «Өздеріне қауіп төнсе, соғысуға 
шақырады. Соғысқан кезде жауын шеңбер негізін-
де қоршауға алып, қатты үрей тудыратын дауыстар 
шығарады. Жауларын алдау үшін әдейі бытырап 
кетіп, бірақ майдан шебін бұзбай жауларын талқан-
дайды. Әсіресе, қамал бұзғыш құрылғыларды қол-
дану оларға кез келген қала қамалдарын бұзуға 
мүмкіндік берді», – деп сипатталады. Қамал бұзғыш
құрылғы – дөңгелекке орнатылған бөренелерден 
тұратын қорған бұзғыш машина. Бұл жылжымалы 
құрылғы қабырғаға жақындатып қойылады. Үлкен 
бөрененің басы үшкірленіп, темірмен қапталады. 
Байланған арқанмен бөренені қабырғаға соғып қа-
малды қиратады. Тарихшылардың айтуы бойынша
Аттила әскер басы болуға, саясаткерлікке қабілетті 
адам еді. Мұны римдіктердің өзі мойындаған.
1911 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген 
«Әскери энциклопедия»: «Герман тайпаларының 
билігінен аман қалған Еуропа Аттилаға қарыздар». 
Г. Вернадский: «Аттила шайқас кезінде аяусыз болға-
нымен, табиғатынан жауыз болған емес». «Констан-
тинопольмен келіссөз бастаған Аттила бірінші кезек-
те соғыс емес, бейбітшілік орнатуға ұмтылды».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет