Тірек сөздер ғибадатхана
Ресурстар 1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге
дейін. I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Жайнаков Е. Ұлы дала мемлекеттері. – Алма-
ты: Аруна, 2010.
3. Жанайдаров О.К. Көркемсуретті Қазақстан
тарихы. I том. – Алматы: Қазақстан энциклопеди-
ясы, 2006.
4. Қазақстан тарихы веб порталы // e-history.kz
Оқулық: Сарматтардың қоғамдық құрылысы мен шаруашылық өмірі, 148-149-бет.
Зерттеу сұрағы: сармат қоғамы несімен
ерекшеленеді?
Сабаққа дайындық Сармат алтын жәдігерлерінің суреттер топтама-
сын дайындаңыз. Есік обасынан табылған "алтын
адамның" және сармат көсемінің суретін тақтаға
іліңіз. Мүмкіндік болса, интернет ресурсымен жұмыс
ұйымдастырыңыз. Егер болмаса, сармат обалары ту-
ралы қосымша мәліметтер дайындаңыз
"Бинго" ойынын ойнату үшін тақтаға сандар жа-
зылған торкөздер іліңіз. Әр санның артында темір
дәуірінің ескерткіштеріне байланысты сұрақ, су-
рет, атау, сызба тапсырмалары жасырылып тұруы
тиіс. Сонымен қатар торкөздерге жаңа тақырыптан
« Бесоба», «Сынтас», «Аралтөбе» сөздерін жасырыңыз.
Сабақтың деректі материалдары Сарматтардың ескерткіштері, негізінен, Батыс
Қазақстан да орналасқан. Ескерткіштердің басым
бөлігі оба қабірлері болып табылады. Сарматтардың
ең маңызды ескерткіштері – Бесоба, Сынтас, Арал-
төбе қорымдары.
Бұл қорымдар сарматтарда әлеуметтік теңсіздік
пен топтар болғанын дәлелдейді. Оны жерленген
адамдармен бірге көмілген заттардан, обалардың
сыртқы пішіні мен оба үйіндісінің көлемінен байқа-
уға болады. Рубасыларына ескерткіш ретінде үлкен
оба үйінділері тұрғызылған. Үлкен обаларда тайпа
көсемдері жерленсе, орташа көлемдегі обаларда
белгілі жауынгерлер, шағын обаларда қатардағы қа-
уым мүшелері жерленді.
Ақтөбе облысынан табылған Бесоба қорымында
абыз әйелдер жерленген. Бұл обадан діни рәсімдер-
ге арналған қызыл және жасыл түсті бояулары бар,
үш аяқты құрбандық шалуға арналған үстел, қола
айна, алтыннан жасалған әшекейлер табылды.
Елек өзені бойынан табылған Сынтас қорымын-
да үш сармат жауынгері жерленген. Олардың екеуі
қатардағы жауынгер, ал біреуі әскербасына ұқсай-
ды. Бұл обадан жебелер, қанжар, темір ауыздықтар,
темір пышақтар, сүйек қасықтар шыққан.
Аралтөбе қорымын археолог З. Самашев
басқарған экспедиция ашқан. Үшінші қазылған оба-
да сармат көсемі, оның әйелі және екі арғымағы қоса
жерленген. Олардың киімдері, бұйымдары барлығы
алтын әшекейлермен безендірілген. Қару-жарақтан
басқа асатаяқтың сынықтары табылған. Сармат
көсемі қазақстандық екінші "Алтын адам" деп есеп-
теледі. Осы аймақтан табылған ғибадатханалардан
әктастан салынған тас мүсіндер табылған.
Сарматтардың өнерінде аң стилі мен полихром-
дық стиль кең таралды. Былғарыдан, қыштан ыдыс-
тар жасаған. Зерлеу, тастармен безендіру, жалату
әдістерін меңгерген.