6-тарау.
Сарматтар
147
сарматтардың тұрмыс-тіршілгін толық елестете алға-
ны дұрыс. Сонымен қатар сарматтардың дүниежүзі
тарихында рөлі зор екенін ерекше атап өтіңіз.
Анықтаңдар
Оқушылар
«Сарматтардың (савроматтардың)
тұрмыс-тіршілігі»
деген мәтінді жеке оқиды. Жұп-
пен сарматтардың мекендеген аумағын анықтап,
картадан көрсетеді. Сарматтардың шаруашылық түр-
лерін анықтайды. Сарматтар мекендеген аумақ олар-
дың тұрмыс-тіршілігіне, шаруашылық түрлеріне тіке-
лей әсер еткенін анықтайды.
Жауаптары.
Сарматтар Орал, Тобыл,
Ембі өзен-
дері мен Солтүстік Каспий маңына дейін, Мұғалжар
тауынан Дон өзеніне дейінгі аумақты мекендеді.
Сар-
маттар мекендеген аумақ көбінесе далалық жерлер
болды. Сондықтан олар көшпелі және жартылай
көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Жылқы,
қой, ірі қара, түйе өсірді. Олардың тебіндеуге бейім
түрлері өсірілді. Еділ-Жайық
және Қара теңіз бой-
ындағы сарматтар сулы аймақта орналасқандықтан,
егіншілікпен де айналысты. Аң аулау қосымша кәсіп
болды. Қолөнер, ұсталық, зергерлік дамыды.
Мәтіннен үзінділер келтіріңдер
Бұл тапсырмада оқушыларға
бұған дейін өткен сақ
тайпаларын еске түсіртуге болады. Оқушылар жұппен
сарматтарда патша билігі мен әскери демократия қалай
қалыптасқанын анықтайды.
Әлеуметтік теңсіздік бай-
қалатынын әскери сословие арқылы біледі.Соңында
сармат қоғамының кем дегенде үш ерекшелігін атай-
ды. Оқушылар бұл тапсырмада барлық жауаптарын
мәтіннен үзінді келтіру арқылы дәлелдеп отырады.
Бұл үшін "үзінді" және "түсіндір" атты бағандардан
тұратын кесте толтырады. Бірінші бағанға үзіндіні,
екінші бағанға үзіндінің мағынасын түсіндіріп жаза-
ды. Соңында жазғандарын көршісіне оқып беріп, тал-
дайды.
Жауаптары.
Ерекшеліктері – патша билігі,
әскери
демократия күшейді (көсемдері сайланып,
мемле-
кеттік мәселелер жауынгерлердің жиналыстарында
шешілген), әскери сословие (қоғам әскери жүйеге
негізделгендіктен, "көсем", "ақсүйек", "атақты жауын-
гер", "қатардағы жауынгерлер"
деп аталатын әлеу-
меттік топтар болған. Қоғам мен әскер құрылымы бір
болды), әйелдер ерлермен тең құқықтарға ие болды,
тіпті ел басқарған
Достарыңызбен бөлісу: