5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет241/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Себептерін талдаңдар
Оқушылар "Шығыс сарматтары" мәтінімен жұппен 
танысады. Сарматтардың Алдыңғы Азия елдерімен 
қатынасын анықтайды. Осылайша сарматтарда ала-
уыздық күшейгенін, яғни әлсіреу басталғанын түсі-
неді. Сарматтардың тарихи сахнадан дербес күш 
ретінде жойылу себебін анықтап, талдайды. Мәтін-
мен жұмысты ұйымдастыру үшін мынадай тапсыр-
маларды ретімен орындауды ұсыныңдар.
Мәтін атауы__________________________________________
Мәтінді мұқият оқыңдар. Алғашқы алған әсеріңе 
назар аударыңдар. Негізгі идеяларды анықтап
мәтінді қайтадан оқыңдар. Берілген сұрақтарға 
қысқаша жауап беріңдер.
А. Мәтін не туралы?_________________________________
В. Мәтіндегі негізгі ой:
1._____________________________________________________
2._____________________________________________________
3._____________________________________________________
Мәтін бойынша қорытынды:_______________________
Жауаптары.
Б.з.д. І ғасырдың соңына қарай әуелі Дон маңын-
да, кейінірек Қара теңіз өлкелерінде олардың ішінен 
"алан" тайпалық одағы қалыптасып, көп ұзамай сар-
маттардың басқа да топтарын өзіне қосып алады. 
Еуропадағы сармат-аландар патшалығының Сол-
түстік Қара теңіз жағалауындағы үстемдігін ІІІ ғасыр- 
да готтардың жорығы бұзды. ІV ғасырдың соңында 
ғұндар аландарды талқандап, өздеріне қосып алды. 
Сарматтардың тарихи сахнадан дербес күш ретін-
де жойылуына әкелген себептер: сармат тайпалары 
арасында алауыздықтың күшеюі, бір-біріне қарсы 
соғысуы, ғұндардың жорықтары.
Бағалау мүмкіндіктері
Оқушылардың қандай нәтижеге қол жеткізгенін 
қалыптастырушы бағалау арқылы анықтаймыз. Са-
бақ барысында барлық тапсырмалардың соңында 
бағалауды ұйымдастыруға болады.
"Фактілерді тұжырымда" тапсырмасында оқушы-
лар сарматтар мен скифтердің қарым-қатынасын 
сипаттайтын тұжырым жазады. Анықтау тапсыр-
масында оқушылардың фактілерді табу, жағымды 
және жағымсыз фактілерге ажырату дағдыларын 
жұппен бағалауды ұйымдастыруға болады. "Әңгіме-
леп беріңіз" тапсырмасында жұптық бағалағандары 
жөн. "Себептерді талдаңдар" тапсырмасында оқушы 
өзін-өзі бағалайды. Яғни, оқушы мәтіннен сармат-
тардың тарихи сахнадан дербес күш ретінде жой-
ылуының кем дегенде үш себебін тапса, өзін мақ-
сатқа жеттім деп бағалай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет