170
170
Микролиттер
– ұсақ тас жаңқасынан жасалған
құралдар. Адам микролиттерді кейінгі палеолитте
пайдалана бастаған, бірақ кең көлемде пайдалану
мезолит дәуіріне тән.
Миссионер
–
дiни ұйымдардың iлiмдерiн
таратушы дiни қызметкер. Миссионерлiк ұй-
ымдардың шоқындыру саясаты Америка, Афри-
ка және Азия
халықтары арасында қарқынды,
мақсатты түрде жүргiзiлiп отырған. Миссионерлер
баратын ел халқының дiнiн, тарихын, әдет-ғұрпын
зерттеуге үлес қосқан.
Моңғолоидтық тұрпат
– терісі сары қоңыр,
шашы қатты, денесінің түгі аз, қысыңқы көзді, жал-
пақ бетті, қалың қабақты, қалыңдау ернімен ерек-
шеленетін тұрпат түрі.
Мұртты обалар
– ерте темір дәуірінен сақталған
ескерткіштер (б.з.д. VII–IV ғасырлар).
Құрылымдық
жағынан да, семантикалық өрісі жағынан да күр-
делі құрылыстарға жатады.
Наным
– қоршаған орта құбылыстарының тыл-
сым күштері туралы қалыптасқан білім, түсінік,
көзқарастарға сену. Адамның белгілі бір мәлімет-
терді,
құбылыстарды, ойлар мен көзқарастарды,
пікірлерді еш күмәнсіз қабылдап, мойындауында
көрінетін психиканың ерекше күйі.
Достарыңызбен бөлісу: