Қаптырма – сырт киімге арналған металдан
жасалған қарсы ілгек. Қаптырма белдік – екі ұшы
қапсырма арқылы түйісетін белдік.
Келісім – халықаралық қатынастарда екі немесе
бірнеше тараптың арасында ымыраға келуі немесе
соғысып жатқан тараптардың арасында жасалатын
бейбітшілік шарты.
Кетпенді-теселі егіншілік – ежелгі кезеңде жер
өңдеудің қарапайым түрі. Кеңінен қола дәуірінде
таралған егіншілік түрі.
Қола – қалайы мен мыстың қоспасынан алынған
құйма.
Қолбасшы – әскери істерді басқарушы, әскерба-
сы.
Қолданбалы өнер – тұрмысқа кажетті көркем,
жиһаздық заттарды жасайтын өнер түрі. Түрлі үй
жиһаздарын зергерлік ою-өрнекпен әшекейлеп,
тіршілікке қажетті сәндік құрал-жабдықтар жасау.
Қоныс аудару – бір жерден екінші жерге көшу,
мекенін өзгерту.
Қорған –
1) ежелгі қабірлер үстіндегі тас неме-
се топырақ үйінділері; 2) бір нәрсені айналдыра
соққан дуал, биік қабырға, бекініс.
Қамал бұзғыш құрылғылар – жорықтарда қол-
данылған, кез келген қамалды бұза алатын, бөрене-
лерден тұратын құрылғы.
Қорым – ертедегі ғұрыптық жерлеу орны. Қо-
рым, негізінен, тастан қаланып, кейде топырақтан
тұрғызылған немесе қиыршықтастан үйіп жасалған
бірнеше обалардан, қорған-қоршаулардан тұрады.
Қорытпа – балқытылған металдардың құймасы.
Көкпар – ұлттық ат спорт ойыны. Көкпар жігіт-
тердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен
ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастыра-
ды.
Кремация – мәйітті арнаулы тәсілмен өртеу әдісі.
Құл – басыбайлы, тәуелді, құқығы мен еркіндігі
жоқ адам. Құлдық алғашқы қауымдық қоғам ыды-
рай бастаған кезеңде пайда болды. Алғашқыда
соғыс тұтқындары, қарыздарын өтей алмаған ке-
дейлер құлға айналдырылды. Кейіннен құл саудасы
кеңінен өріс алды.