5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет271/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Тайпалық одақ 
– тайпалардың әлеуметтік және 
этникалық бірлестігі.
Тас ататын құрылғы
– тас ататын құрылғы, қа-
ланың қамалдарын бұзуға арналған.
Тактика
(грек. 
taktiks
– әскерді сапқа тұрғызу 
өнері;
tasso
– сапқа тұрғызамын, қатарластыра-
мын) – әскери істе ұрысқа дайындалу және оны 
жүргізу теориясы мен практикасын қамтитын әске-
ри өнердің құрамдас бөлігі. 
Тәті 
– төбесі мен шүйде тұсы ашық, кішігірім тәж 
тәрізді әшекейлі бас киім. 
Тебіндеу 

 
малдың қар астынан шөпті тұяғымен 
аршып алуы. Көшпелілер тебіндеп жайылатын мал-
дың түрлерін көптеп өсірген.
Тобыр 
– тас дәуірінде алғашқы адамдардың тір-
шілік үшін күресте бірлескен тобы. 
Тотемизм
– рулық қоғамдағы адамдар тобының 
шығу тегін жануарлармен байланыстыру негізінде 
қалыптасқан сенімдер.
Терімшілік 
– алғашқы адамдар жеуге жарамды 
шөп тамырларын қазып, құс жұмыртқасын жинап, 
ағаш, бұта басында өсіп тұрған әртүрлі жеміс-жи-
дектерді теріп жеген шаруашылық түрі.
Тесе 
– егін егу үшін жерді қопсытуға қолда-
нылған еңбек құралы. Алғашқы теселер иілген
ағаштан, тастан немесе мүйізден жасалған.
Тұрақ 
– алғашқы адамдардың тұрақтаған, тір-
шілік еткен ежелгі орындары.
Тұрпат
– адамдардың тұқым қуалайтын кескін, 
келбет, пішіні. 
Түменбасы
– ғұндарда, кейін басқа да көшпелі 
түркі және моңғол халықтарында 10 мың сарбазды 
басқаратын қолбасшының әскери атағы. 
Ұжым
– ортақ қоғамдық мақсаттар мен міндет-
тер біріктірген адамдар тобы. Мұндай топқа жоға-
ры деңгейде дамыған бірлескен қызмет барысында 
қол жеткізіледі.
Халық жиналысы
– мемлекеттік маңызы бар
мәселелерді шешу үшін өткізіліп отырған жиналыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет