Халықтардың ұлы қоныс аударуы – ғұндар-
дың шапқыншылығы түрткі болған б.з. IV–VІІ ғасыр
аралығында Еуропадағы этникалық өзгерістердің
жиынтығы; көптеген герман, славян және көшпелі
ғұн тайпаларының қозғалысы.
Хроника –
жазба дереккөз түрі. Қытай әулеттік
хроникалары ежелгі Қазақстан тарихы туралы құн-
ды мәліметтер береді.
Шайқас –
соғыс операциясының құрамдас
бөлігі, ұрыс қимылдарының түрі. Жалпы мақсат-
пен бірлестірілген, белгілі бір әскер топтарымен,
күштерімен жүргізілетін және ортақ тапсырманы
орындауға бағытталған неғұрлым маңызды және
қауырт ұрыстық соққылардың жиынтығы.
Шаньюй – ғұндардың мемлекет басшысының
лауазымы. Шаньюйді ғұндардың ру ақсүйектері
сайлады. Ол мемлекетті ақсақалдар кеңесімен бірі-
гіп басқарды.
Шаңырақ – киіз үйдің киелі және ең жоғары
бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес болып, уықтар-
дың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады.
Шапқы – алғашқы адамдардың еңбек құралы.
Тастан жасалған балтаға ұқсас шапқы қатты заттар-
ды кесуге, шабуға қолданылған.
Ысқырғыш жебелер – сүйектен жасалған
ысқырғыш жапсырылған дыбыс шығаратын жебе-
лер.
Ішкі тартыс – бір мемлекеттің ішіндегі екі неме-
се бірнеше тараптың қарым-қатынасы барысын-
да мақсаттары мен көзқарастарының өзара қара-
ма-қайшылығы.
Эволюция – табиғатта және әлеуметтік жүйеде
біртіндеп үздіксіз даму үдерісі.
Экспедиция – арнайы мақсатпен зерттеу жүргізу
немесе саяхат жасау.
Энеолит – неолит пен қола дәуірі аралығындағы
археологиялық кезең (тас-мыс кезеңі). Энеолитте
тұңғыш рет таза мыс белгілі болды және одан әртүрлі
әшекей бұйымдар мен еңбек құралдары жасалды.
Қазақстанда шамамен б.з.д. 3000–2800 жылдардың
аралығы энеолит кезеңі өтті.
Этнос [грек.
ethnos – тайпа, халық] – бір халықты
екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ
белгілері бар қауымдастық.