5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Оқытудағы құндылықтарға бағытталған тәсілдер



Pdf көрінісі
бет5/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Оқытудағы құндылықтарға бағытталған тәсілдер
оқушының жеке тұлғалық құндылықтар жүйесін 
мақсатты түрде қалыптастырады. Оқушылар тарихи даму үдерісінде әр халықтың адамзаттың дамуына өзін-
дік бірегей әрі ауқымды үлес қосқанын түсінеді. Оған қоса олар тарихи мұраларда мәселелер мен қара-
ма-қайшылықтардың бар екенін біледі, тарихи үдерістердің заңдылықтарын анықтауға және олардың одан 
әрі дамуын болжауға үйренеді. 
Оқытудағы тұлғаға бағытталған тәсілдер
нұсқаулықтағы негізгі іс-әрекетті жүзеге асыру барысында 
оқушының жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін ескеруді, өзінің ой-пікірін анықтау және қорғай білу дағ-
дыларын қалыптастыруды, тарихи оқиғаларға баға беру және өзіндік қорытындыларды шығаруды көздейді.
Іс-әрекетке бағытталған тәсілдер 
білім мен дағдылардың белсенді танымдық іс-әрекет үдерісінде қалып-
тасатынын білдіреді. Ол тарихи деректер мен басқа да ресурстарды өзіндік іздену, түсіндіру, талдау, тұжы-
рымдау мен бағалауды көздейді. Оқулықта жаңа ақпаратты қолдану мен түрлендіру мүмкіндіктерін қолдануға 
баса назар аударылады, ол оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Саралап оқыту тәсілдері 
оқушылардың жеке қабілеттіліктерін ескере отырып, тапсырмалар беруді көздейді.
Коммуникативтік тәсілдерге 
оқу үдерісінде тілдік және сөйлеу нормаларын дұрыс пайдаланып, түрлі 
жағдайларда қатынас әрекетінің басқа қатысушыларымен ой бөлісуі жатады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану 
ақпаратты табу, құрастыру әрі басқару, 
мәліметтермен және идеялармен бөлісу, бірлесіп әрекет ету, түрлі жабдықтар мен қосымшаларды пайдала-
ну арқылы өз жұмысын бағалауды, жетілдіруді көздейді.
Әдістемелік нұсқаулықта ұсынылған әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану үшін оқыту үдерісі мынадай тарихи 
концептілер (ұғымдар) негізінде ұйымдастырылған: өзгеріс пен сабақтастық, себеп пен салдар, дәлел, ұқсас- 
тық пен айырмашылық, маңыздылық, интерпретация. Әрбір тақырыпта қамтылатын тарихи концепт, сабақ 
мақсаттары, қолданылатын әдіс-тәсілдерінің сипаттамасы, саралап оқыту, жаңа сөздермен жұмыс, қосымша 
әдебиеттер мен онлайн-ресурстар туралы егжей-тегжейлі ақпараттар берілді.
Әр тақырыпқа жеке зерттеу сұрақтары берілген. Берілген тақырыптар білім алушыларды сыни тұрғы-
да ойлауға, проблемалық сұрақ қоюға, өздігінен талдау жасау дағдыларын дамытуға көмектеседі. Ежел-
гі Қазақстан тарихы тас дәуірінде өмір сүрген алғашқы адамдардан бастап, ежелгі тайпалық одақтардың 
құрылуына дейінгі кезеңді қамтиды. Қазақстанның ежелгі дәуірінің негізгі хронологиялық шеңбері шамамен 
бұдан 1 млн жыл мен біздің заманымыздың V ғасыры аралығындағы кезеңдерді қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет