Сәйкестендіріңдер Алдын ала дайындалған сөйлемдер жазылған
кеспеқағаздарды оқып беріңіз немесе осы сөйлем-
дерді тақтаға жазып көрсетіңіз. 1-кеспеқағазда пи-
текантроп адамы, оның қолы ұзын, маңдай сүйегі
шығыңқы. Шамамен Қазақстан жерінде 1 млн жыл
бұрын өмір сүрген. Ең алғаш қаңқасы Ява аралынан
табылған.
2-кеспеқағазда неандерталь адамы, оның
ми көлемі питекантроптан үлкенірек, денесінде түгі
азайған, иек сүйегі қалыптаса бастаған. Жер бетінде
100–35 мың жыл бұрын өмір сүрген. Қаңқасы Герма-
ниядағы неандерталь жазығынан табылған. 3-кес-
пеқағазда кроманьон бейнеленген. Оның маңдайы
жазыңқы, денесі тік, қолдары қысқарған. Жер бетін-
де 40–35 мың жыл бұрын өмір сүрген. Қаңқасы
алғаш Франциядағы кроманьон үңгірінен табылған.
Енді осы сөйлемдер жазылған кеспеқағаздарды
топта талқылап, суреттермен дұрыс сәйкестендіруін
сұраңыз.
Жауаптары . 1-кеспеқағазда питекантроп, 2-кес-
пеқағазда неандерталь, 3-кеспеқағазда кромоньон
адамдарының суреттері болса, дұрыс жауап ретінде
қабылданады.
Анықтаңдар Алғашқы адамдардың даму сатылары мен сыртқы
өзгерістері, табылған жерлері, өмір сүрген мерзім-
дерін білгеннен кейін, оқушылардың назарын кро-
маньон адамының өзгерістеріне аударыңыз. Ең
маңыздысы кроманьон адамында қалыптасқан қа-
білеттерді анықтайтындай талқылау жүруін қадаға-
лаңыз. Тапсырманы оқушылар жұппен орындайды.
Венн диаграммасындағы 3 дөңгелекке "питекан-
троп", "неандерталь", "кроманьон" адамдары деген
сөздер жазылады. Осыдан кейін олардың ұқсас-
тықтары мен айырмашылықтарын жұптар стикер-
ге жазып, дөңгелектерге жабыстырады. Тапсырма
саралауға бағытталған. Кейбір оқушылар 1-2 айыр-
машылық пен ұқсастықты анықтаса, деңгейі жоғары
оқушылар ізденіп, көбірек айырмашылық пен ұқсас-
тықты анықтайды.
Оқушыларға "Уақыт сызығы" суретін көрсетіңіз.
Бұл уақыт сызығы саналы адам қалыптасқанға дей-
ін алғашқы адамдар өте ұзақ уақытта баяу өзгеріске
ұшырағанын пайымдауға көмектеседі. Әлемнің
түкпір-түкпірінен табылған алғашқы адамдардың
қаңқалары бұл үдерістің қанша уақытқа созылғанын
анықтауға мүмкіндік берді.