Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі 1.7. Қазақстанның жартастарға салынған ежелгі суреттері (1-сабақ) Оқу мақсаты 5.2.1.1 алғашқы адамдардың наным-сенімдерін
сипаттау.
Тірек сөздер петроглиф
Ресурстар 1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін.
I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Самашев З. Петроглифы Казахстана. – Алматы,
2006 г.
3. Петроглифтер – ежелгі заманғы және
ортағасыр лық өнердің бірегей ескерткіштері сай-
тындағы мате риалдар.
Оқулық: Қазақстанның жартастарға салынған ежелгі суреттері, 36-37-бет.
Зерттеу сұрағы: тасқа салынған суреттер
ежелгі адамдардың дүниетанымын қалай бейнелей-
ді?
Сабаққа дайындық Қазақстанда орын алған ежелгі петроглифтердің
А4 пішініндегі түрлі түсті суретін тақтаға іліп, Қа-
зақстанның ежелгі аумақтық картасын, ермексаз,
түрлі түсті қағаздар, маркер, ватманды топтарға та-
ратыңыз.
Сабақтың деректі материалдары Арпа өзені таңбалы тастары – қола дәуіріне жа-
татын ескерткіш. Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ
ауданындағы Қаратау-Келіншектау жотасында ор-
наласқан. Мұндағы суреттердің жалпы саны – 3500.
Суретте жыл мезгілдерінің ауысуы секілді табиғи
құбылыстар жақсы бейнеленген. Баянжүрек суреті
– Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жетісу Алатауы
сілемдеріндегі Баянжүрек тауында сақталған. Мұн-
да 7 сәуле көмкерілген екі ғажайып бейне бар. Су-
реттің негізі салт атты сарбаздар бейнесі. Ақбауыр
үңгірі – қола дәуірінен сақталған ескерткіш. Шығыс
Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Ақбауыр ете-
гінен табылған. Үңгір таудың етегінен 5-6 метр биік-
тікте орналасқан. Қабырғасы қызыл түсті жосамен
(охра) салынған. Жартастардағы ежелгі суреттердің
өте қызықты орындарының бірі – Іле Алатауының
оңтүстік-батыс жағындағы Тамғалы шатқалынан, Ал-
маты қаласынан солтүстік-батысқа қарай 160 шақы-
рым жерден табылды. 1957 жылы А.Г. Максимова
зерттеген жартастағы бұл өрнектер мазмұнының өз-
геше әрі өте молдығымен бірден мамандар көңілін
аударды. Бұл шатқалда мыңнан астам сурет зерттел-
ді. Олар қола дәуірінен бастап, түркілер заманына
дейін екі мың жылдан астам уақыт бойы жасалған.