Әңгіме құрастырыңдар Топқа бөлінген оқушылар петроглифтердегі негіз-
делген, ежелгі адамдардың өмірі суреттелген ортақ
әңгіме желісін құрайды. Ол үшін топтағы оқушылар
өз ұсыныстарын білдіріп, жетекшіге оқиғаның бары-
сын айтады. Жетекші жазып, сынып алдында қорғай-
ды. Тапсырманы оқушы қабілетіне орай түрлендіру-
ге болады. Алайда мұғалім оқушыға тапсырманың
белгілі бір түрін таңдап алуға көмектесуі қажет:
1. Суреттегі бейнелерді ажыратып, 2-3 сөйлемнен
тұратын сипаттама жасайды.
2. Жартастағы суреттер арқылы белгілі бір оқиға
желісін құрайды.
3. Құралған оқиғалар негізінде шағын көрініс ұй-
ымдастырады.
Жауаптары. Аң аулауға шыққан аңшы, жылқы
бейнесі, бұғының ылдиға қарай қашқанын көреміз.
"Аңшылар бұғыны қорқытып, қаумалап ұстап қолға
үйретпекші шығар" деген пікір қалыптасады.
Бағалау мүмкіндіктері Тақырып бойынша ұсынылған кез келген тапсыр-
ма бойынша оқушыны бағалауға болады. Мысалы,
оқушыға өздік жұмыс жүргізе отырып, жеке дәптер-
ге орындаған оқушыларға жұмысын тексеріп, тиісті
бағалауды жүргізуге болады. Ұқсастықты анықтау
барысында жұмыс дәптерлеріне Венн диаграмма-
сын салуға мүмкіндік беріңіз. Егер сабақта тапсыр-
маларды орындау үшін сұрақ пен жауап формасы
қолданылса, онда мынадай белгілер арқылы өзін-
өзі бағалауды жүргізуге болады.
– Бес саусақты көтергендер – олар өздеріне
сенімді әрі барлық сұраққа жауап бергендер.
– Үш саусақты көтергендер –олар жауаптарының
дұрыс екеніне сенімді еместер.
– Жұдырықты көтергендер – олар өздеріне мүл-
дем сенбейді, жауаптарын қате деп есептейді.
Қосымша тапсырма Сыныптағы әр оқушы «петроглифтерді зерттеу-
ші маман» кейпіне еніп, өзі таңдаған петроглифінің
«құпиясын» ашады. Оқушылар өздеріне ұнаған пе-
троглифтерді таңдап, сол туралы барынша көп ақпа-
рат іздейді. Оқушылардың жасаған жұмыстарынан
көрме ұйымдастырыңыз.