5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет54/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Ойланыңдар
"Неліктен тасқа қашап салынған суреттерде жа-
нуарлар бейнесі көп кездеседі?" деген сұрақты 
сыныпқа қоя отырып, оқушыларды петроглифтер-
дегі бейнелерді ажырату үшін жұпқа біріктіріңіз. 
Қазақстанда табылған петроглифтер туралы шағын 
мәтіндер мен осы ескерткіштің суреттер топтамасын 
оқушыларға ұсыныңыз. Алдымен жұптағы оқушы-
лар өздеріне берілген 5-6 петроглифтегі көп қайта-
ланатын бейнелерді ажыратып, жазады. Оқушылар 
бұл петроглифтерді мынадай критерийлерді бас-
шылыққа ала отырып зерттейді:
1) петроглифтерде бейнеленген аңдардың және 
т.б. тізімін жасайды; 
2) бейнеленген көріністерді жазбаша сипаттайды;
3) петроглифтердің ерекшеліктерін анықтайды. 
Қандай аңдар көптеп салынды? Бұл неге байланы-
сты болды? Сендер қандай қорытынды шығара ала-
сыңдар? Оқушылар осы сұрақтарға жауап бере оты-
рып, ортақ қорытынды шығарады.
Жауаптары.
Мысалы, Ақбауырда ешкі суреттері, 
ал Ешкіөлместе түйе суреттері басым орналасқан. 
Олардың салыну формасы да өзгеше. Мысалы, Еш-
кіөлмес петроглифінде жартасқа қашап, ойып са-
лынған. Алайда ұқсастықтары да орын алады. Екеуі 
де жартасқа салынған, аншылық кәсібі жан-жақты 
көрсетілген. Салынған жануарлар саны көп.
Сипаттаңдар
Оқушыларды алдымен топқа бөліңіз. Әрбір 
топ өз жетекшілерін тағайындайды. Петроглифте-
гі суреттерді ұсына отырып, топ ішінде бейнелерді 
талқылауға уақыт беріңіз. Топтағы жетекші оқушы-
лардың нақты іс-әрекетіне байланысты тапсырманы 
тиімді орындау жолдарын қарастырады. Топтың 2-3 
оқушысы ежелгі адамдардың өміріне қатысты ақпа-
ратты берілген суреттер арқылы анықтайды. Топтағы 
қалған оқушылар берілген екі суретті салыстырады. 
Уақыт аяқталған соң топтағы оқушылар өздеріне 
тиесілі тапсырмаға сай, ежелгі өмірге қатысты ақпа-
ратпен бөлісіп, ерекшеліктерін талқыға салады. Кей-
ін топтық сынып алдында өз жауаптарын қорғайды. 
Жауаптары. 
Суреттегі бейнелердің өзіндік ерек-
шелігі бар. Аңдардың бейнеленуі адамдардың сол 
кезеңдегі негізгі шаруашылық түрімен тікелей бай-
ланысты. Аң аулау сәті жиі орын алатынын байқа-
дық. Сол арқылы аңшылықтың өмірмен тығыз бай-
ланысты болғанын анықтай аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет