Сабаққа қатыстыескертпелер Бұл сабақта оқушылар темір дәуірінің ерекшелік-
терімен танысады. Сабақ "өзгеріс пен сабақтастық"
концептілерінің негізінде құрастырылған. Оқу-
лықтан алған мағлұматты сабақта қолдана отырып,
оқушылар сұрақтарға жауап табуға, бірлесе жұмыс
істеуге үйренеді. Олар оқыған материалдар темір
дәуіріндегі өзгерістерді анықтауға бағытталады.
Оқушылар пеш-көріктің пайда болу себебін түсініп,
қоғамда орын алған өзгерістерді сипаттайды. Топ-
тық, жұптық, жеке жұмыс кездерінде оқушылар өз
белсенділіктерін барынша танытады. Өз ойын не-
месе көзқарасын жеткізе алады. Оқушылар дерек-
көздері мен ресурстардың көмегі арқылы тапсыр-
маларды орындап, кезеңдер арасындағы өзгеріспен
сабақтастықты анықтайды.
Cуреттерді салыстырыңдар Бұл тапсырманы орындату үшін алдын ала дай-
ындаған суреттерді таратып беріңіз. Екі оқушы бір-
лесіп, жұмыс жасайды. Бір-бірімен пікір алмасу
арқылы ойларын толықтырып, тапсырманы талқы-
лайды. Нәтижесінде ортақ шешімге келеді. Оқушы-
лар берілген сұрақтарды талқылап, жауап беруі тиіс.
Тапсырманы орындауға үш минут уақыт беріңіз. Бұл
тапсырма балалардың бейнелі ойлауын және қи-
ялын дамытады.
• Суреттерде не бейнеленген?
• Суреттердің қандай ұқсастықтары бар? Кем де-
генде 2-3 ұқсастық табу керек.
• Суреттердің қандай айырмашылықтары бар?
Кем дегенде 2-3 айырмашылығын анықтаңдар.
Жауаптары. Ұқсастығы: еңбек құралдары метал-
дан жасалды, адамдар бірлесіп өмір сүрген, жануар-
ларды қолға үйреткен.
Айырмашылықтары : соғыс
және еңбек құралдары жетілдірілген, көшпелі мал
шаруашылығы дамыған. 2-3 жұптасқан оқушылар-
дың жауаптарын тыңдаңыз. Олардың жауаптарын
Оқу мақсаты 5.4.2.2 металл өндірісі жетілуінің шаруашылық
салаларына тигізген ықпалын түсіндіру.