5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет81/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақ себеп-салдар концептілерінің негізінде 
құрастырылған. Оқушылар себеп-салдар байла-
нысын анықтап, сабақта алған ақпарат негізінде 
өз көзқарастарын білдіреді және көшпелі өмірдің 
маңыздылығын түсінеді. Деректер мен ресурстарды 
пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беруді үйре-
неді. Сондай-ақ, көшпелілердің мал шаруа шы лы-
ғын да төрт түлік малды таңдап алу себебін білетін 
болады. Бірлесе жұмыс істеу нәтижесінде тұжы-
рым жасауға дағдыланады. Оқулықтағы материал-
дар көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуын 
анықтауға бағытталған. Оқушылар топтық, жұптық, 
жеке жұмыс жасап үйреніп, өз белсенділіктерін ба-
рынша танытады. Сондай-ақ, деректер және ресурс-
тар дың көмегімен көшпелі мал шаруашылығының 
қалай қалыптасқанын анықтайды.
Оқушылар сыныпқа келер алдында тақтаға мал 
шаруашылығына байланысты суретті іліп қойыңыз. 
Оқушылар 3 минут ішінде суретке байланысты 10 
сөз жазулары тиіс. Сосын олар жазған ақпараттарын 
сыныптастарымен алмасып, талқылайды. Бұл талқы-
лау жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашуға 


2-тарау. 
Ежелгі көшпелілер өмірі
53
ықпал етеді. Оқушылардың болжамдарын тыңдап
ойларын толықтыру мақсатында қосымша сұрақтар 
қою арқылы қолдау көрсетіңіз.
Жауаптары.
Жайлау, қой, жылқы, түйе, сиыр, 
бақташы, төлдер, жайылым, сауыншы, қойшы.
Анықтаңдар
Тапсырма топтық жұмыс арқылы орындала-
ды. Оқушыларды түсті қағаз арқылы топқа бөліңіз. 
Топтарға «Көшпенді мал шаруашылығы адамдарға 
қандай мүмкіндіктер берді?» деген сұрақ қойыңыз. 
Әрине бұл сұраққа балалар бірден жауап бере ал-
майды. Сондықтан оқулықтағы бірінші мәтінді бір-
неше бөлікке бөліп, мәтіннің әр бөлігін жеке па-
рақшаға жазыңыз. Дайын парақшаларды конвертке 
салып, топтарға таратыңыз. Оқушылар парақшалар-
ды оқып, бөліктерден тұтас мәтін құрастыруы керек. 
Бұл тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беріңіз. 
Мәтінді құрастырғаннан кейін оқушылар топта 
талқылап, көшпелі өмір салтының қалыптасуы қан-
дай мүмкіндіктер бергенін анықтау арқылы ортақ 
шешімге келуі керек. Талқылауға 3 минут жеткілік-
ті. Әр топ өзара талқылау жүргізгеннен кейін бүкіл-
сыныптық талқылау ұйымдастырыңыз. Оқушылар 
мәтіннің оқулықтан алынғанын білмеуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет