9
оразаны толық ұстаңдар»
, – делінген.
Демек оразаның
уақыты – таң намазының уақыты кіргеннен бастап, күн
батқанға дейін. Сақтық үшін таң намазына 10 минут қалғанға
дейін сәресін ішіп ауыз бекіткен абзал. Ақшам намазының
уақыты кіргенде ауыз ашады.
Сұрақ:
Ауызашар алдында қандай дұға оқылады?
Жауап:
Ауызашар дұғасы:
«Аллаһуммә ләкә сумту, уә бикә
әмәнту, уә ъәләйкә тәуәккәлту, уә ъәлә ризқикә әфтарту,
фағфир ли мә қаддәмту уә мә аххарту».
Мағынасы:
«Раббым
Алла, Сен үшін ораза тұттым. Саған иман келтірдім. Саған
тәуекел еттім және Сен нәсіп
еткен ризықпен аузымды
аштым. Менің өткен және кейінгі күнәларымды кешіре гөр».
Сұрақ:
Ораза кезінде немен айналысқан жөн?
Жауап:
Ораза тек ішіп-жеуден тыйылу емес. Мұсылман
адам бұл ғибадатты күллі денесімен орындаған абзал. Яғни,
тілімен өсек айтпау, қолымен біреуге зиян тигізбеу, көзімен
бөгде әйелге сұқтанып қарамау т.б. Сондай-ақ құлшылыққа
ден қойып, садақа беру, адамдарға жақсылық жасау және
Құран оқу сынды ізгі амалдарды орындағаны абзал.
Сұрақ:
Ауыз ашуға асығуға бола ма?
Жауап:
Құдси хадисте: «Менің
ең жақсы көретін құл-
дарым – ауыз ашуға асыққандар», – делінсе
(Тирмизи)
,
басқа бір хадисте: «Адамдар
ауыз ашуға асыққан сайын
жақсылықта болады», –
делінген
(Мүслим)
.
Сондықтан ауыз
ашуға асығу дінімізде мұстахаб амалға жатады. Имам
Шафиғи бір сөзінде: «Күннің батқандығы анық білінгеннен
кейін ауыз ашуды кешіктіріп, өзінің осы әрекетін абзал
көрген адам
, хадистерге қайшы
амал жасағандықтан, онысы
мәкрүһ болмақ. Түнде ораза ұстау дұрыс емес. Ал кешіктіруді
абзал деп ойламаса (жағдайға байланысты ауызашарды
Достарыңызбен бөлісу: