Сұрақ:
Түске дейін ниет етпеген адам ішіп-жемеген
болса, ораза ұстай алады ма?
Жауап:
Ханафи мазһабының еңбектерінің бірі Марақил-
Фалах кітабында: «Зәуәл (тал түс) уақытына дейін оразаға
ниет етпеген болса, сол күнгі оразасын ұстай алмайды», –
деп жазылған.
Оразаға ниет
14
СӘРЕСІГЕ ҚАТЫСТЫ
Сұрақ:
Сәресіге ұйықтап қалып, күні бойы ешнәрсе
ішіп-жемесе, ораза ұстаған болып санала ма?
Жауап:
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен
сәлемі болсын) «ашура» күні хабарлаушы кісіге: «
Кім бір
нәрсе жеп қойған болса, аузын күннің соңына дейін берік
етіп тамамдасын. Ал ештеңе жемеген адам, сол күйінше
жемесін (ораза ұстасын)»,
– деп жар салуын бұйырды
(Бұхари)
. Демек, сәресіге ұйықтап қалған адам ұйқысынан
тұрғанда нәр тартпастан, ниет етіп оразасын жалғастырады.
Бастысы, таңертең еш нәрсе ішіп-жемеуі және түске дейін
ниет етіп үлгеруі тиіс.
Сұрақ:
Жалпы сәресіге тұрмай ораза ұстауға бола ма?
Жауап:
Иә, сәресіге тұрмай-ақ ораза тұтуға болады.
Алайда, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен
сәлемі болсын): «Бір жұтым су ішсеңдер де сәресін үзбеңдер.
Өйткені Алла Тағала мен періштелер сәресіге тұрғандарға
жақсылық тілейді», – деген өсиеті бар. Сонымен қатар
сәресіге тұрып ас ішу немесе ең болмаса су ішу не құрма
жеу күні бойы адамға қуат береді. Нәтижеде, ораза ұстауда
түрлі қиындықтардың алдын алуға септігін тигізеді.
Сұрақ:
«Сәресі ішіңдер, сәресіде берекет бар» деген
хадисті түсіндіріп берсеңіз?
Жауап:
Сәресі ішудің өзіндік берекеті мен артықшы-
лықтары бар. Атап айтқанда: Сәресіге тұрған адамды Алла
рақымына алып, жарылқау тілейді; Сәресіге тұру – сүннет;
Құлшылыққа күш-қуат береді; Ширақтықты арттырады
(белсенділік, энергия, т.б); Аштықтан келетін нашар мінездің
алдын алады; Сәресі дұға қабыл болатын уақыт; Сәресіде
ниетті түзеп, ықыласты арттыруға мүмкіндік туады; Сәресіге
15
тұрған адам таң намазына ұйықтап қалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |