13
қабыл болуы ниетке байланысты. Себебі, Пайғамбарымыз
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисте:
«Амалдардың барлығы ниетке байланысты», – деген. Олай
болса біздің Рамазан айында жасаған құлшылықтарымыз
да ниетімізге байланысты мың құлшылыққа пара-пар
болмақ. Кім қандай ғибадат жасаса да, оны шын ықыласпен
орындауы тиіс. Әйтпесе, жасаған құлшылықтан еш пайда
болмайды.
Сұрақ:__Аузымды_ашамын_деп_ниет_етіп,_бірақ_ашпаса_ораза_бұзыла_ма_Жауап'>Сұрақ:
Аузымды ашамын деп ниет етіп, бірақ ашпаса
ораза бұзыла ма?
Жауап:
Аузын ашуға ниет еткен адамның оразасы тамақ
ішпегендіктен бұзылмайды. Себебі, оразаны бұзатын әрекет
жасалмады.
Сұрақ:
Сәресі уақытында әуелі су ішу керек пе, әлде
ниет еткеннен кейін ішу керек пе?
Жауап:
Ауыз бекіту уақыты – ниет еткеннен кейін емес,
таң намазының уақыты кірісімен басталады. Сол себепті,
сәресі уақыты әлі шықпаған болса (яғни, таң намазы кіріп
қоймаған болса), қайта су ішуіне болады. Бұл әрекеті алдын-
ала жасаған ниетін бұзбайды, һәм оразасы дұрыс болып
саналады. Десе де ауыз бекітетін уақыт кірмеген болса,
сәресіден кейін пастамен тісін тазалап, су ішіп болған соң
ниет етіп, дұғасын жасағаны абзал.
Достарыңызбен бөлісу: