242
Серин қалдығы жоғарыда берілген. Фосфолипидтердің басқа
қалдықтары – полярсыз гидрофобты «құйрық».
Екі түрлі табиғаты бар мұндай қосылыстар амфипатиялық
немесе амфифильдік (гректің «екі жақты» жəне «сезім»
деген
сөздерінен шыққан) деп аталады.
Амфипатиялық қасиеттерінің арқасында фосфолипидтер жа-
суша мембранасының негізін құрайды. Фосфолипидтер денедегі
барлық ұлпалардың жəне жасушалардың құрамына кіреді. Олар
жүйке ұлпасының жəне мидың құрғақ массасының негізгі бөлі-
гін құрайды. Фосфолипидтер жүрек, бауыр құрамында кезде-
седі. Белоктармен бірге фосфолипидтер
жасуша мембранасын
құрайды, жасушалардың жұмысы, тұтас ағза қызметі мембра-
наның зақымданбауына əсерін тигізеді.
Гликолипидтер.
Гликолипидтер глицерин мен май қыш-
қылының күрделі эфирі болып табылады. Бірақ фосфолипидтер-
ге қарағанда мұнда
фосфор қышқылының қалдығы емес, белгілі
243
бір моносахарид болады. Моносахарид пен глицериннің арасын-
да гликозидті байланыс бар.
Гликолипидтер өсімдіктердің жапырақтарында фосфолипид-
терге қарағанда 5 есе көп болады. Олар, əсіресе, хлоропластарда
көп
кездеседі, гликолипидтер мұнда мембрана жүйесін құруға
қатысады.
Гликолипидтердің тағы да бір туындысы – сульфолипидтер-
ге бастама береді. Күкірт қышқылының қалдығы галактозаға
қосылады. Соның нəтижесінде сульфолипидтер түзіледі. Сульфо-
липидтер тек қана өсімдіктер
жасушасында кездеседі, ал жануар-
лар жасушасында сульфолипидтер болмайды. Сульфолипидтерге
мидан бөлініп алынған цереброзидсульфат жатады.
Достарыңызбен бөлісу: