Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев


– ең шағын молекулалы белоктар, м.м. - 12000



Pdf көрінісі
бет21/153
Дата14.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#107506
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   153
Байланысты:
turtabaev-biohimia (1)

 
ең шағын молекулалы белоктар, м.м. - 12000
 
шамасындай, күшті негіздік қасиеті бар, құрамында аргинин 
қалдығы көп, гистондар сияқты ДНҚ-мен байланысты. Ол спер-
мада (еркектің ұрығында) болады жəне реттеушілік емес, тек 
құрылымдық қызмет атқарады. 
Сілтілік қасиет көрсететін белоктар - гистондар. Олар əлсіз 
қышқылдарда (0,2 немесе HC1) ериді, аммиак пен спирт əсерінен 
тұнбаға түседі.


45
Негізінен бұл белоктар жануарлар мен өсімдіктер жасуша-
ларының ядроларында кездеседі жəне хроматин құрылымын да 
маңызды рөл атқарады. ДНҚ-ның кеңістіктік құрылымын тұ-
рақтандыруға қатысады жəне генетикалық мəліметтің ДНҚ-дан 
РНҚ-ға берілуіне жан-жақты тосқауыл қояды.
 
Күрделі белоктар құрамындағы жанама тобының табиғатына 
қарай бірнеше топшаларға бөлінеді. Олар: липопротеидтер, фос-
фопротеидтер, гликопротеидтер, хромопротеидтер, нуклеопроте-
идтер, металлопротеидтер. 
Липопротеидтер табиғатта көп тараған, барлық тірі ағзаларда 
кездеседі. Олар барлық жасуша мембраналарының ең басты 
құрамы болып есептеледі. Липопротеидтер бос күйінде қан плаз-
масында жəне лимфада кездеседі жəне ол липидтерді, кейбір гор-
мондарды бір орнынан екінші орынға ауыстырып апара алады. 
Электрофорездік қозғалғыштығы бойынша 
α
–липопротеидтерге 
жəне 
β
–липопротеидтерге бөлінеді. Фосфопротеидтер құрамын-
да ортофосфор қышқылы бар, олардың ағзаның қоректенуінде 
маңызы зор. Сүт құрамындағы – казеин, жұмыртқа сарысын- 
дағы – виттелин, балық уылдырығындағы – ихтулин осы фосфо-
протеидтерге жатады. Гликопротеидтер құрамының белок емес 
бөлігі – көмірсулар. 
Гликопротеидтер жануарларда, өсімдіктерде, микроағзаларда 
кездеседі жəне олар əртүрлі қызметтер - каталитикалық, тасымал-
даушы т.б. атқарады. 
Хромопротеидтер – боялған күрделі белоктар, олардың 
құрамында бояулы заттар болады. Нағыз өкілдері: родопсин, ге-
моглобин, миоглобин, пероксидаза, каталаза, флавиндік фермент-
тер жəне цитохром жүйесіне жататын ферменттер. 
Нуклеопротеидтердегі жанама топ нуклеин қышқылдары. 
Нуклеопротеидтердің молекулалық массасы үлкен болып келе-
ді. Дезоксинуклеопротеидтер жасушаның ядросында, ми тохон-
дрияларында кездеседі, ал рибонуклеопротеидтерге – рибо-
сомалар мен информосомаларды жатқызуға болады. Вирус тарда 
да өзінің химиялық табиғаты жағынан – нуклеопротеидтер. 
Нуклеопротеидтердің белок биосинтезінде жəне тұқым қуалаушы 
информацияны сақтауда маңызы зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет