Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев


Азық-түліктердегі Е витаминінің мөлшері



Pdf көрінісі
бет44/153
Дата14.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#107506
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   153
Байланысты:
turtabaev-biohimia (1)

Азық-түліктердегі Е витаминінің мөлшері
11-кесте
Азық Витамин 
мөлшері, мкг/г
Азық Витамин 
мөлшері, мкг/г
Өсімдік майы
20
Тауық
жұмыртқасы
0,5
Маргарин 6,0
Сəбіз
0,45
Сары май
2,1
Бидай 
1,1
Адамға қажетті Е витаминінің мөлшері тəулігіне 30-50 мг ша-
масындай болу керек жəне қабылданатын полиқанықпаған май
 
қышқылдарының əр грамына 0,6 мг.
К витамині (филлохинондар, антигеморрагиялық вита-
мин). 
1939 жылы Швейцар химигі Каррер К витаминінің хи-
миялық табиғатын анықтады.
К
1
витамині (2- метил- 3-фитил -1,4-нефтохинон)


94
Табиғи К
1
витаминінен басқа олардың синтездік аналогтары 
белгілі. Олардың да антигеморрагиялық қасиеттері бар. Бұл ана-
логтар К
3
, К
4
, К
5
, К
6
витаминдер деп аталады. К
3
витамині викасол 
деген атпен медицинада қолданылады. Бұл витамин Ұлы Отан 
соғысы жылдарында жараланған көптеген Совет жауынгерлері-
нің өмірін сақтап қалуға себеп болды. К
3
витамині суда жақсы 
ериді жəне улы əсері жоқ.
К витаминінің жалғыз ғана қызметі – ол қанның ұюына қа-
тысады. Бірақ оның өзі тікелей қан ұюы жүйесіне кірмейді. 
К витамині жетіспеген кезде протромбиннің антигемофильдік 
глобулин шамасы төмендейді. Протромбин бауырда түзіледі жəне 
ол К витамині жоқ кезде оны тромбинге айналдыратын кальций 
иондарын байланыстыра алмайды. Фибриногеннің фибринге ай-
налуы үшін тромбин катализ қызметін атқарады, қан ұюының 
мағынасы осы негізге байланысты.
Жоғарыда айтылғандай К-авитаминоз сырқатына тəн белгі – 
терінің астына жəне бұлшық еттерге қан құйылуы. Ондай жағдай 
қан ұюы жылдамдығының төмендеуінен болады.
К витаминіне бұршақ тұқымдас өсімдіктері, сəбіз, капуста, 
томат, қалақай жапырағы бай келеді. Сол сияқты К
 
витамині бау-
ырда, жұмыртқада, сүтте кездеседі. К витамині жануарлар мен 
адамдардың ішек-қарнында микроағзалар синтездеп дайындай-
ды. Сондықтан оның ағзаға қажетті тəуліктік мөлшерін анықтау 
қиын, адамға қажетті мөлшері күніне 0,2-0,3 мг.
К витамині тауық, қаз, үйрек, түйетауықтар үшін өте қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет