Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев


Тағамдардағы D витаминінің мөлшері



Pdf көрінісі
бет43/153
Дата14.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#107506
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   153
Байланысты:
turtabaev-biohimia (1)

Тағамдардағы D витаминінің мөлшері
 10-кесте
Азық Витамин 
мөл-
шері, мкг/г
Азық Витамин 
мөл-
шері, мкг/г
Теңіз майшабағы
(скумбрия) бауыры
1400
Сиыр бауыры
0,025
Камбала бауыры
80
Тауық жұмыртқасы
0,05
Нəлім (треска)
бауыры
3,0
Сары май
0,03


92
Ауыл шаруашылығы малдарының Д витаминін қажет етуі: 
тірідей массасының əр 100 кг мөлшеріне 25 мкг болуы керек. Мал 
шаруашылығында рахит ауруының алдын алу үшін торайларды, 
шөжелерді ультракүлгін сəулемен қыздырады, күн түсіп тұрған 
ашық күндері жас төлдерді ашық жерге шығарып бағады.
Е
 
витамині (токоферолдар, антистерил немесе өсіп-өну 
витамині)
немесе токоферол сары түсті май тəріздес сұйықтық. 
1938 жылы Каррердің лабораториясында синтез жолымен алын-
ған болатын. Бұл витаминнің химиялық құрылым негізіне токол 
спиртіне жалғасқан көміртегі атомының ұзын тізбегі жатады, ол 
тізбек қаныққан изопрен қалдықтарынан тұрады. Токоферол бен-
золда, спиртте жəне басқа да май еріткіштерінде ериді.
Е витаминінің құрылымына жақын жəне сол сияқты əсер 
етуші төрт түрлі зат алынды. Олар α-, β-, γ жəне δ -токоферол-
дар (грекше tocos- ұрпақ, phero – əкелу) деп аталады. Олардың 
ішінде, əсіресе, активтісі α-токоферол. Басқа токоферолдардың 
активтігі α - токоферолдікінен 5-10 есе төмен.
Токоферолдардың негізгі қызметі мынадай: олар қанықпаған 
липидтерді асқын тотыққа айналудан қорғайтын ең жақсы анти-
оксиданттар болып табылады. Сол сияқты олар липидтік мембра-
наларды бос радикалдардан қорғайды, сөйтіп, оттегінің əсерінен 
ферментсіз жүретін реакция тізбегін түзеді.
Токоферолдар бос радикалдармен ұстасып, реакция тізбегін 
түзетін болуы керек деген жорамал бар. Жасушаларда токоферол-
дармен қатар А жəне С витамині, сондай-ақ глутатион да анти-
оксидант қызметін атқарады.
Токоферолдар жетіспеген жағдайда жануарлар ұрпақсыз-
дық дертіне шалдығады, бұлшық еттері əлсізденіп, қоректенуі 


93
бұзылады, бауыр циррозына ұшырауы мүмкін. Ағзадағы мұн дай 
бүліну өзгерістері мембранадағы липопротеидтік компо 
нент-
тердің зақымдануымен байланысты.
Е авитаминозы кезінде жануарлар еркегінің сперматозоид-
тары нашар қозғалады, олардың жіпше құйыршығы жойылып 
кетеді, сөйтіп ұрықтандыру қабілетінен айырылады.
Ал осындай авитаминоз құбылысына ұшыраған ұрғашы ұрық-
тану қабілетін сақтайды, бірақ іште пайда болған жаңа ұрпақ туу
 
мезгіліне жете алмай, өзінен-өзі жойылып, ағзаға сіңіп кетеді не-
месе түсік болып түсіп қалады.
Өсімдік майлары: жүгері майы, бидай майы, зығыр майы, 
күріш майы, мақта майы
 
сияқтылар токоферолдың бай табиғи 
қоры болып табылады, Жануар тектес өнімдерде Е витамині 
шағын мөлшерде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет